Мамандандырылған ХҚКО күшейтілген жұмыс кестесіне көшті
Бірінші шілдеден бастап шетелдік көліктерді заңдастыруға өтініш қабылдау тоқтатылады.
Алайда аталған мерзімге дейін өтініш беріп үлгерген жүргізушілердің автокөліктері заң талабына сай болса, белгіленген мерзімнен кейін де заңдастырылады, деп хабарлайды Didar ақпарат.
Шетелдік көліктерді заңдастыруға өтініштерді қабылдап үлгеру үшін мамандандырылған ХҚКО-тары жұмыс қарқынын үдетті. ІІм мәліметі бойынша енді олар дүйсенбі мен жұма аралығында таңғы 9:00-ден кешкі 20:30-ға дейін, ал менбі күні 9:00-ден 19:30-ға дейін жұмыс істейді.
Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінген бірақ, бұрын тіркелген елінен есептен шығарылмауы себепті көліктерін заңдастыра алмай жүрген жүргізушілердің де автокөліктері тіркелмек. Мұндай көлік иелеріне берліленген мерзім аяқталғаннан кейін кері әкету туралы міндеттемемен бес жыл мерзімге уақытша есепке алу немесе бұрынғы тіркелген елінен есептен шығарған жағдайда заңдастыру шарттары қарастырылған.
Уақытша есепке кою барысында көлікті тіркеу туралы куәлік және Қазақстан Республикасының мемлекеттік нөмірлік белгілері беріледі. Мемлекеттік нөмір үшін салынатын баж – 9660 теңге, КҚТК – 4313 теңге, әдеттегі тіркеу үшін алым – 863 теңгені құрайды.
Ынтымақ Толқын