Көлік қатынасыҚауіпсіздік

Күкірт қышқылы тиелген жүк көлігі аударылды – ШҚО

Күршім ауданы Ақбұлақ және Егіндібұлақ ауылдарының арасында күкірт қышқылы бар цистерналы жүк көлігі аударылды.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, апат салдарынан 20 тоннаға жуық күкірт қышқылы төгілген, деп хабарлайды Didar ақпарат.

ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті оқиға орнында ластанған топырақты тазалау жұмыстары қарастырылғанын айтты. Оқиға орнына ең жақын су көзі шамамен бес шақырым жерде орналасқан. Әкімдіктің мәліметінше, жергілікті тұрғындар оны пайдаланбайды. Дегенмен, мамандар қышқылдың төгілуіне байланысты ластанудың болғанын анықтау үшін бұлақтан су сынамаларын алды.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button