Саясат

Латын қарпіне көшу мәселесі талқыланды

Латын қарпіне көшу мәселесі талқыланды

Латын қарпіне көшу мәселесі талқыланды

2017 жылғы 10 қазанда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекетік техникалық университетінде «Серпін-2050» бағдарламасына қатысушыларымен латын қарпіне көшуге байланысты арнайы жоба талқыланды.
Латын қаріпіне көшу – уақыт талабы. Өйткені, ғылыми-техникалық әдебиеттердің басым бөлігі латын әліпбиінде жазылған. Заманауи бағдарламалар, тіпті, смартфон мен гаджеттердің өзі латынға негізделген. Ал физика, математика, химия пәндерінің формулалары туралы айтпасақ та түсінікті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жас буын өкілдері реформаны жақсы қабылдаған.
Кездесудің негізгі мақсаты қазақ әліпбиінен латын қарпіне көшудің маңыздылығын студент қауымға түсіндіру болып табылады. Кездесу барысында латын тілінің қалыптасу тарихы мен тіл саясатының мәселелері талқыланды. «Серпін-2050» бағдарламасына қатысушылар өз пікірлерін ортаға салды.

Мейрамтай Иманғали

Осы айдарда

Back to top button