Біле жүріңіз

Күлазық

«Күлазық… Құлаққа біртүрлі қызық естіледі екен. Бұл не азық?» деген ой келеді басыңа.

Бақсақ, «күлазық» ілгеріде, жаугершілік заманда айшылық алыс жолға аттанатын сарбаздарға арналып жасалатын азықтың ерекше бір түрі екен.

Ал оны дайындау тәсілі сырт көзге қарапайым көрінгенімен, шынтуайтына келгенде мехнаты мол жұмыс екені айдан анық. Әуелі етті майдалап турап, күнге кептіріп, сосын келіге түйіп, талқан етіп қапшыққа, дорбаға салып алатын көрінеді. Әне, содан соң алыс жолға шыққанда суға шылап жейсің бе, жоқ әлде уысыңды толтырып алып, құрғақ күйінде шайнайсың ба – өз қалауың.

«Моңғолия қазақтары осы тағамды жағдайларына байланысты әзірлеп, тұтынады» дейді Глубокое ауданы Березовка ауылының тұрғыны, қандасымыз Қамбар ақсақал.

Бура

Осы айдарда

Back to top button