Біле жүріңіз

Көшірмесі Нью-Йоркте тұр

Осыдан тура алпыс жыл бұрын Өскеменде Орталық мәдениет үйі пайдалануға берілді. Мыңға жуық көрерменді сыйғыза алатын аталмыш мәдени ошақ – шаһардағы байырғы сәулетті ғимараттардың бірі.

Бүгінде ғимарат «Ертіс – Концерт» деп аталады. Мәдени-әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен елге танымал жұлдыздардың концерттері негізінен осында өтеді.

Ғимарат кіреберісінің қос қапталына «Семсерден соқа соғамыз» және «Жұлдыздарға» атты екі мүсін қойылған. Олардың авторы – әлемге әйгілі мүсінші Евгений Вучетич. Ол Волгоград қаласы маңында орналасқан атышулы Мамай қорғанындағы «Отан-Ана шақырады» және Берлин шаһарындағы «Азат етуші жауынгер» ескерткіштерінің жобасын әзірлеген болатын.

Бір қызығы, «Семсерден соқа соғамыз» мүсіні екі данада құйылған екен. Біреуін кеңес үкіметі Біріккен Ұлттар Ұйымына сыйға тартыпты. Ол әлі күнге дейін Нью-Йорктегі БҰҰ-ның бас штабы алдында тұр.

Мадина Болатханова,

студент

Осы айдарда

Back to top button