Жолдау жол нұсқайды

Кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылық үшін жаза күшейтілмек

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Мемлекет басшысы кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейтуді талап етті, деп хабарлайды Didar ақпарат.

– Мен Мемлекет басшысы ретінде кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етемін. Жол, ғимарат, киім-кешек, азық-түлік, яғни барлығы балалар үшін қауіпсіз болуы керек. Сондай-ақ өскелең ұрпақтың психикалық саулығы – өте маңызды мәселе. Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қолдау қызметін институционалды түрде күшейту қажет, – деді Президент.

Ол бірыңғай сенім телефонын ұйымдастырған жөн екендігіне де назар аудартты.

– Зорлық-зомбылыққа және қысымға, яғни буллингке тап болғандарға көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеу керек. Сапалы орта білім алу – әрбір баланың мызғымас құқығы. Мұндағы ең түйінді сөз – «сапа». Сондықтан білім сапасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру ауадай қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Сара Жомарт

Осы айдарда

Back to top button