Шаһар шаруашылығы

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жуықтады

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы халық санының нақты мәліметтерін ұсынды.

Олардың мәліметінше ағымдағы жылдың 1 маусымындағы санақ бойынша халық саны 19 миллион 766 мың 807 адамды құраған, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Жаңартылған дерек бойынша қала халқының саны ауыл тұрғынжарына қарағанда екі еседей көп. Нақтырақ айтқанда қала тұрғындары – 12 209 896 адам болса, ауылда – 7 556 91 адам тұрады.

Сонымен қатар еліміздегі халық ең көп аймақтар тізімін Алматы қаласы бастап тұр. Ал одан кейін Түркістан мен Алматы облысы жайғасқан.

Автор: Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button