Жол құрылысыШаһар шаруашылығы

Қала көшелеріне жол белгілері қойылды – Өскемен

Облыс орталығында көшелерге бірқатар жол белгілері қойылды.

Жаңа белгілер жол апатының төмендеуіне ықпал етеді, деп хабарлайды Didar ақпарат.

– Назарбаев даңғылында жолақтар бойынша қозғалыс бағыттарын көрсететін белгілер қойылды. Олар Ушанов алаңында және Металлургтер мәдениет үйінің алдындағы қиылыста да орнатылды, -деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.

Өскемен полиция басқармасының ақпараты бойынша, мұндай белгілер автокөлік жүргізушілеріне жақсы бағдар ұстауға көмектеседі. Көшедегі кептелісті және авариялық жағдайлардың туындау қаупін азайтады. Сондай-ақ, аталмыш белгілер жол-көлік оқиғаларын азайтуға және жол қозғалысы ережелерін сақтауға, оның ішінде автокөлік жүргізушілерінің біліктілігін арттыруға ықпал етуі тиіс.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button