Қала көшелерінде көгалды жазу пайда болды – Өскемен
Жасанды көгалдан жасалған жазулар облыс орталығының көркін кіргізе бастады.
Республика алаңында “Бірлік” және “Единство” деп жазылған көлемді топиарлы фигуралар орнатылды, деп хабарлайды Didar ақпарат.
Биіктігі екі метрден асатын жасанды әріптер қала тұрғындары жиі келетін жерлерге қойылмақ. Аталмыш екеуінен басқа «махаббат», «мейірімділік», «бақыт», сынды жағымды сөздер бар.
“Таза Өскемен” КМК ақпараты бойынша, фигуралар фотоаймақ ретінде қызмет етіп қана қоймай, қала көркін одан әрі әрлей түседі.
-Қала бойынша тоғыз сөз бен бір фигура орнату жоспарлануда. Қазір «махаббат» және «мейірімділік» жазулары Қазақстан көшесінің бойында орнатылуда. Ал Бажов пен Назарбаев көшелерінің қиылысында қар барысының мүсіні пайда болуы мүмкін, -деп хабарлады “Таза Өскемен” КМК.
Ынтымақ Толқын