Жолдау жол нұсқайды

Жаңа Қазақстан реформадан басталды

О.Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада «Конституциялық реформа –  жаңа Қазақстанның кепілі» атты дөңгелек үстел өтті. Оған кітапхана оқырмандары, қала жастары мен ғалымдар қатысты.

Дөңгелек үстелге жиналған қонақтар алдымен «Менің Туым! Менің Елтаңбам! Менің Әнұраным!» атты көрмені тамашалады.

Жалпы, Конституция деген не? Конституциялық реформа не үшін қажет? Дөңелек үстел барысында бұл туралы С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың әлеуметтік ғылымдар кандидаты, “Алтайтану” ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Э.Столярова мен осы университеттің қылмыстық құқық және үрдіс кафедрасының доценті Г.Байыркенова жиналғандарға кеңінен әңгімелеп берді.

– Конституция дегеніміз – Ата Заң. Қарапайым тілмен айтсақ, заңдардың атасы. Еліміздің басты құжаты 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдумда қабылданған, – деп әңгімені әріден бастаған Гүлмира Төлеубекқызы конституциялық реформаның не үшін қажет екеніне де тоқталды. Конституциялық реформа мемлекетті жетілдірудің, жаңғырту мен нығайтудың құралы.

– Биылғы 5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енігізу бойынша референдум өткені белгілі. Бұл рефрендум еліміздің жарқын болашағына жаңа бетбұрыс болды. Бұл референдум біздің қоғамды демократияландыруға зор үлес қосты. Әрине, Ата Заңды әрбір ел азаматымен ақылдаса отырып өзгерту өте қиын жұмыс. Бірақ соған қарамастан ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы жолды таңдады. Менің көзқарасым бойынша Президент бұл жол арқылы конституциялық реформаны заң жүзінде нақтылағысы келді. Нәтижесінде халық өзгерістерді қолдап, тиімді заң жүйесіне қол жеткізді, – деді Г.Байыркенова.

Сондай-ақ,  осы күні ктіпханада  Ата заңның тарихынан сыр шертетін  кітап көрмесі де ашылды.

Мейрам Екпін

Осы айдарда

Back to top button