Құқық

Ішіп алып, көлік жүргізетін әйелдер көбейді – ШҚО

ШҚО-да 2022 жылдың алты айында алькогольдік ішімдік ішкен күйінде көлік жүргізген 19 әйел сотпен жауапкершілікке тартылған.

Биыл мас күйінде рульге отырған 37 қыз -келіншек әкімшілік құқық бұзушылық туралы сотқа тартылған, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Облыстық сотта биылғы жылдың жарты жылдық қорытындысына орай өткен баспасөз мәслихатында белгілі болғандай, ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608 бабы бойынша, яғни, мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін былтырғы жылдың алты айында 19 әйел әкімшілік құқық бұзушылық туралы жауапкершілікке тартылған. Биылғы бес айдың көрсеткіші мас күйінде көлік жүргізген қыз -келіншектердің саны былтырғыдан еселеп артқанын көрсетіп отыр. Жыл басынан бері 37 әйел жүргізуші алькогольді ішімідік ішіп көлік жүргізігені үшін сотқа тартылған. Мас күйінде көлік жүргізу-қылмыспен тең екенін ескерсек, ішіп алған осыншама әйел өзгелердің өміріне үлкен қауіп төндірген.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Ирина Дороштың айтуынша, жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша қаралып жатқан сот істерінің ішінде 463 бап бойынша, жолдың қарсы қозғалысы бөлігіне шығып кетуге байланысты заң бұзушылықтар жиі орын алуда.

Жанаргүл Мұқатай

Осы айдарда

Back to top button