Пікірлер

Халықаралық нормаға сай

Бейбiт жиналыстар, ми­тингiлер, шерулер, пикеттер және демон­страциялар ұйымдастыру мен өткi­зу тәртiбi туралы жаңа заң жобасы Президенттің Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сай әзірленді.Ол барлық халықаралық нормаларға сәйкес келеді.

Қазір көпшілік жаңа заң жоба­сын талқылауда. Жаңа заңда ұйымдастырушылардың, журналистер мен қатысушылардың құқы­ғы мен міндеттерінің мәртебесі барынша айқындала түскен. Сонымен бірге, мемле­кеттік органдардың уәкілеттілігі бекітіліп, митинг өтетін арнайы орындар белгіленген. Ми­тинг өткізу тәртібін хабарландыру ере­жесі енгізіліп, өтініштерді қарау тетігі де нақтыланған.

Заң жобасының маңызды тармағы – бейбіт жиналыстар мен басқа да бұқаралық іс-шаралардың айырмашылығын ашып көрсету.

Жобада азаматтардың бейбіт шеруге шығу құқығы кепілдендіріліп отыр.

Бүкіләлемдік тәжірибеге шолу жасасақ, қантөгіс пен революция ешкімді ұшпаққа шығарған жоқ. Арандатушылар бар, айдап салушылар бар, осылардың сойылын соғып барымыздан айырылып қалмау қажет деп санаймын.

Олег Чернышов,

облыстық талдау және болжау институтының директоры

Осы айдарда

Back to top button