Халықаралық нормаға сай

Бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы жаңа заң жобасы Президенттің Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сай әзірленді.Ол барлық халықаралық нормаларға сәйкес келеді.
Қазір көпшілік жаңа заң жобасын талқылауда. Жаңа заңда ұйымдастырушылардың, журналистер мен қатысушылардың құқығы мен міндеттерінің мәртебесі барынша айқындала түскен. Сонымен бірге, мемлекеттік органдардың уәкілеттілігі бекітіліп, митинг өтетін арнайы орындар белгіленген. Митинг өткізу тәртібін хабарландыру ережесі енгізіліп, өтініштерді қарау тетігі де нақтыланған.
Заң жобасының маңызды тармағы – бейбіт жиналыстар мен басқа да бұқаралық іс-шаралардың айырмашылығын ашып көрсету.
Жобада азаматтардың бейбіт шеруге шығу құқығы кепілдендіріліп отыр.
Бүкіләлемдік тәжірибеге шолу жасасақ, қантөгіс пен революция ешкімді ұшпаққа шығарған жоқ. Арандатушылар бар, айдап салушылар бар, осылардың сойылын соғып барымыздан айырылып қалмау қажет деп санаймын.
Олег Чернышов,
облыстық талдау және болжау институтының директоры