Баға
Әуе компаниясы билет бағасын негізсіз өсірген
Air Astana билет бағасын негізісіз өсіргені үшін айыппұл төлейді.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі көлік прокуратурасы органдарымен бірлесіп Air Astana қызметіне тексеру жүргізді, деп хабарлайды Didar ақпарат.
Тексеру нәтижесінде әуе компаниясының авиатасымал нарығындағы үстем жағдайды теріс пайдаланғаны әшкереленді. Air Astana әрбір авиабилеттен жанармай алымын негізсіз алып отырған.
8 маусымда Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік ауданаралық соты әуе компаниясына 6,7 млрд теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды.
Айта кетейік, сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.