Баға
Жазда газдың бағасы қымбаттайды
Энергетика министрлігі еліміздің ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекітті.
Бұл баға 1 шілдеден бастап енгізіледі, деп хабарлайды Didar ақпарат.
-1 шілдеден бастап 2024 жылғы 30 маусымды қоса алғанда, газдың 1 мың текше метрі үшін шекті бағасы теңгемен Астанада – 27 052 теңге, Алматыда – 25 103 теңге, Шымкентте 26 197 теңге болып бекітілді. Ал 2027 жылғы 1 шілдеден бастап 2028 жылғы 30 маусымды қоса алғанда газдың 1 мың текше метрі үшін шекті бағасы теңгемен Астанада – 36 135 теңге, Алматыда – 42 759 теңге, Шымкентте 41 158 теңге болып бекітілді, – делінген құжатта.
Ынтымақ Толқын