Баға
ШҚО-да жиһаз бен тұрмыстық заттар қымбаттады
2023 жылғы маусым айының қорытындысы бойынша, елімізде жиһаз бен тұрмыстық заттар қымбаттады.
Бағасы бір айда 2,6 пайызға, бір жылда 20,3 пайызға өскен, деп хабарлайды Didar ақпарат Altaynews сайтына сілтеме жасап.
Жиһаз бен тұрмыстық заттар Шығыс Қазақстан (42,8 пайыз) Қарағанды (33,1 пайыз), Қостанай облыстарында (31,5 пайыз) айтарлықтай қымбаттаған.
Ал бағаның ең төмен жылдық өсімі Маңғыстау (4,3 пайыз), Павлодар (7,7 пайыз) және Ұлытау (10,6 пайыз) облыстарында байқалды.