Біле жүріңіз

Ең үлкен Құран Болғар қаласында сақтаулы тұр

Әлемдегі ең үлкен Құран кітабы Татарстанның Болғар қаласындағы Құран кітаптарының музейінде (суретте) сақтаулы тұр. Күллі мұсылман қауымының қастерлі кітабының ұзындығы – 200, ені – 150 сантиметр. Қалыңдығы 25 см болса, жалпы салмағы – 800 келі тартады.
Барлығы 632 беттен тұратын бұл Құран Кәрім Татарстанның «Возрождение – Яңарыш» деп аталатын тарихи және мәдени ескерткіштерді жаңғырту жөніндегі республикалық қорының арнайы тапсырысымен 2011 жылы Италияда жасалған. Сол 2011 жылы 17 қарашада әлемдегі ең үлкен Құран ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген.
Қасиетті кітапты жасау барысында күміс, жапырақша алтын, малахитті пластиналар, көгілдір ақық, маржан, қою-жасыл авантюрин, аметист, лазурит, қызыл яшма, топаз қолданылған. Ал беттерін жасауға ерекше шотландиялық қағаз пайдаланылған.
Бүгінде аталмыш Құран кітабы Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігімен ерекше мәдени құндылық деп танылған.
Дәурен Аллабергенұлы

Осы айдарда

Back to top button