Мемлекеттік қызмет

Ең үздік ауыл әкімі

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының Ұлттық жаңғыру кезеңіне өтуі жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде іске асып жатқан «Үздік ауыл әкімі» байқауының қорытындысы бойынша Аягөз ауданындағы Малкелді ауылдық округінің әкімі Мақсат Исаханов жеңімпаз атанды.

Бұл конкурстың мақсаты өзінің еңбек жолында жоғары нәтижелерге қол жеткізген, елді мекендердің дамуына қомақты үлес қосып келе жатқан  үздік ауыл әкімдерін анықтап көтермелеу болып табылады. Ауыл әкімі Мақсат Исаханов осы талаптардың үдесінен шыға білді.

Жалпы, Мақсат Ғылымбекұлы Малкелді ауылдық округінде 2020 жылдың қаңтарынан бері әкім болып қызмет етіп келеді. Ол 1988 жылы Шұбартау ауданы, Баршатас ауылында дүниеге келген. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Үйленген, төрт баланың әкесі. Еңбек жолын Аягөз қаласының «Халыққа қызмет көрсету орталығының» инспекторы қызметінен бастаған. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте Малкелді ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманынан бастап, осыған дейін 2013-2015 жылдар аралығында осы әкім аппаратында іс жүргізуші лауазымында еңбек етті.

Берікхан Тайжігіт

Аягөз ауданы

Осы айдарда

Back to top button