Элеонора Столярова, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, әлеуметтанушы:
– Жамбыл облысы Қордай ауданында болған келеңсіздіктің барша қоғамды бейжай қалдырмағаны анық.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дереутиісті мәлімдеме жасады. Анығы сол – бұл оқиғаға қатысты кінәлі тұлғалар толық анықталып, заңға сәйкес өз жазаларын алады. Арнайы құрылған комиссия жағдайды бақылауда ұстап отыр.
Еліміз тәуелсіздік алғалы бері ұлтаралық бейбітшілік, келісім, бірлік мемлекет дамуының негізгі шарттарына айналды. Бұны әсте естен шығаруға болмайды. Біз татулық пен тыныштыққа, тұрақтылыққа әбден үйреніп кеттік, оларды тіпті бос сөз ретінде қарастыратын болдық, бірақ осы айырықша құндылықтардың күн сайын нығайтуды, қолдауды қажет ететінін де ескеруіміз керек.
Еліміздің басты байлығы – этностар бірлігі! Елбасының бейбітшілік пен татулықты ту еткен саясатының арқасында бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Ел бірлігінің сақталып, дәріптелуіне Қазақстан халқы Ассамблеясының да қосып отырған үлесі зор.
Тәуелсіз Қазақстанда жүзден аса ұлт-ұлыс баянды ғұмыр кешіп келеді. Ол – біздің бірлігіміздің, ынтымағымыздың арқасы! Сол себепті арандатуға ермей, барынша сабырлы болған жөн.