Саясат

«Еgov.kz» қызметіне жүгінетіндер саны артып келеді

«Еgov.kz» қызметіне жүгінетіндер саны артып келеді

Биылғы жартыжылдық қорытындысы бойынша елімізде «egov.kz» электрондық үкімет порталы арқылы 17,4 миллионға жуық қызмет көрсетілген.

Порталға жылжымайтын мүлікке тіркелу, зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу, «Отбасы» санатының қызметтерін алу үшін жиі кірген. Мысалы, биыл портал пайдаланушылары «egov» арқылы 100 мыңнан астам рет баланы балабақшаға кезекке қою қызметін қолданса, 32 жұп некені тіркеуге электрондық өтініш беру қызметін қолданған.

Портал арқылы өткен электрондық төлемдердің де саны артуда: алғашқы 6 ай бойынша олардың сомасы 924 млн. теңгені құрады. Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлеу қызметіне 372,6 млн. теңге, 314 млн. теңге мемлекеттік баж салығына және 20 млн. теңге ұялы байланыс тө-лемдеріне келді. Биылғы мамырда іске қосылған «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» депозиттік/несиелік шотты толықтыру жаңа электрондық қызметі бойынша 9 млн. теңгеден астам сомаға төлем төленген.

Осы айдарда

Back to top button