Саясат

Еңбек етуге барлық жағдай жасалған

– Экономиканың шикізаттық емес секторындағы аумақтық кәсіпкерліктің дамуы, бұрыннан бар жұмыс орындарын сақтау және жаңадан тұрақты жұмыс орындарын ашу жаңа мемлекеттік бағдарламалардың іске асуына мүмкіндік жасайды. Соның бірі – «Жұмыспен қамту –2020» бағдарламасы, – деп атап көрсетті облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ.

Еңбек етуге барлық жағдай жасалғанАймақ басшысының айтуынша, жұмыссыздарды, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған адамдарды мамандыққа даярлауға, қайта даярлауға, кәсіпкерлерге, ауылдық жерлердегі шағын кәсіппен айналысушыларға несие беруге ағымдағы жылы 8,0077 миллиард теңге бөлінеді.

Осы бағдарламаны жүзеге асыру төрт бағыт бойынша жүргізіледі. Олар: «Оқыту және жұмысқа орналастыруға көмектесу», «Ауылдағы кәсіпкерлікке көмек көрсету», «Еңбек ресурстарының мобильділігін арттыру», «Ауылдық жерлердегі инженерлік-коммуникациялық, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және абаттандыру».

2012 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына 1750-ден астам адамды, ал жастар тәжірибесі бойынша 903 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда екенін де айтқан жөн.

Сондай-ақ 1000 адам кәсіпкерлік негіздерін үйренеді. Несие серіктестіктері арқылы шағын несиелер беру жалғасады. Облысқа бөлінген несиенің жалпы көлемі 1915,2 миллион теңге.

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағ-дарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы Ольга Кузовлеваның айтуынша, еңбек ресурстарының мобильділі-гін арттыру үшін еліміздің Экономикалық даму және сауда министрлігімен әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендердің тізімі келісілді. Оған 62 елді мекен кіріп отыр. 2012 жылы 366 тұрғыны бар 92 отбасы бағдарламаға қатысушы категориясына сай келетіндігі анықталды.

Оған қоса ауылдық елді мекендерде инженерлік коммуникациялық, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және абаттандыру үшін 968,8 миллион теңге қаржы бөлінді. Тапсырыстар негізінде жөндеу жұмыстары жүргізілетін әлеуметтік нысандар тізімі жасалды. Осы қаржыны игеру 969 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Облыс Әкімінің баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button