Әдебиетшілер әзілі

Достық шарждар

Әріптесіміз Хасен Зәкәрияға
Достық шарждар
Дарынды һәм қарынды,
Қаламы да қарымды.
Домбыра алса айтыскер,
Қалжың сөзге алымды.
Ас пен тойдан қалмайды,
Тәтті-дәмнен салымды.

Бұрқыратып келеді,
Әзіл-қалжың, оспағын.
Жаза алады Қакеңдей,
Бұл жанрды басқа кім?!
Жарқыратқан кезінде,
Ән әлемінің аспанын.
Бүкіл қазақ шырқап жүр,
Қасекеңнің «Достарын».

Актер Алмат Сақатовқа
Достық шарждар
Марқакөлдің тумасы,
Әзіл-сықақ сардары.
Қазақтың кең даласын,
Көшіп жүріп шарлады.
Қате жолға бармады,
Әке арманын жалғады.

Балалығын жырласа,
Қызықты жыр шертеді.
Ерте оянған сезімі,
Өзі сондай ерке еді.
Қора өртегіш кезінде,
Марқакөлдің тентегі.
Әзілімен бүгінде,
Бүкіл елді өртеді.

Әзілін жазған – Мұратхан Кенжеханұлы,
Суретін салған – Мерей Қайнаров.

Осы айдарда

Back to top button