Шаһар шаруашылығы

Дайындық пысықталды

Қыс қыр астында. Мұны табиғаты қатал, қытымыр қысы елге аян Аягөз өңірінің халқы жақсы түсінеді. Сол үшін де мұнда қысқы маусымға дайындық ерте көктемнен басталып кететіні шындық.

Бір сөзбен айтқанда, жыл он екі ай қатал қысқа дайындық бір сәт те тоқтамайды. Жуырда аудан әкімі Сейілбек Ысқақов қаланың «Орталық», «Гимназия», «Жаңа» жылу қазандықтары және Қабанбай батыр көшесіндегі бой көтеріп келе жатқан бес  қабатты екі тұрғын үйді болашақта жылумен қамтитын қазандықтардың жай-күйімен танысты, олардың жылу беру маусымына дайындықтарын тексерді. Сол күні аудандық әкімдікте жылыту маусымына дайындық бойынша штабтың арнайы отырысы өтті. Жиында аудандағы жылу қазандық иелерімен биылғы жылыту маусымына байланысты дайындықтары мен өзекті мәселелері талқыланып, тиісті мекеме басшыларына арнайы тапсырмалар берілді. Көмірмен қамту жайы да сөз болды.

  Берікхан Тайжігіт

Аягөз ауданы

 

Осы айдарда

Back to top button