Саясат

Чехияға аттанып кетті

Кеше Елбасы Австрия Республикасында ресми сапармен болды. Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Чехия Республикасына ресми іссапармен барады. Бұл – Президенттің Чехия Республикасымен екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағалы бері жасап отырған алғашқы сапары. Ресми делегация құрамында Шығыс Қазақстан облысының Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ та бар.

Чехияға аттанып кеттіСапар барысында Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Чехия Президенті Вацлав Клауспен және Премьер-министр Петр Нечаспен кездеседі. Басқосу барысында кеңейтілген отырыс өткізіліп, бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде. Қазанның 24-інде Прагада екі ел бизнесмендерінің форумы өтеді деп жоспарланған.

Шығыс Қазақстан облысы мен Чехия Республикасының арасындағы сауда айналымы 2011 жылы 5,1 млн. долларға жетті. Ал экспорт көлемі 0,2 млн. долларды құрады. Бүгінгі таңда біздің облыс пен Чехия арасындағы әріптестік қарым-қатынас жақсы дамып келеді. 2011 жылы 13 маусымда Чехия Республикасының Президенті елімізге сапары барысында облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВПЕН кездескен болатын. Кездесуде екіжақты қарым-қатынас талқыланған еді. Соның ішінде біздің облыс пен Чехияның Плзень өлкесімен байланысты нығайту сөз болды. Айта кетейік, әсіресе, Өскемендегі «Азия Авто» АҚ чехиялық әріптестерімен бірлесіп «Шкода» автокөлігін құрастыруда жетістіктерге жетіп келеді.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button