Денсаулық сақтау

Болашақ дәрігерлермен кездесті

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен медицина мекемелерінің бас дәрігерлері Семей медициналық университетінде болашақ жас мамандармен кездесті.

Аймақтағы ауруханалардың бас дәрігерлері студенттерге өздері ұсынатын жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары туралы айтып берді. Мысалы, ауылдық жерлерде жас медицина мамандарына толық әлеуметтік пакет қарастырылған: көтерме қаражат төленіп, баспанамен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ ауылда жұмыс істегені үшін қосымша жалақы төленеді. Экстерндерге кең таңдау: акушер-гинеколог, реаниматолог, педиатр, неонатолог, кардиолог, радиациялық онколог, фтизиатр және тағы басқа мамандықтар бойынша жұмыс істеу ұсынылды.

Естеріңізге сала кетейік, жақында облыс әкімдігінің кеңейтілген отырысында аймақ басшысы Даниал Ахметов өңірдегі медициналық мекемелерде кадрлардың жетіспеушілігі мәселесін шешуді тапсырған болатын.

Кәмал Естай

 

Осы айдарда

Back to top button