Саясат

Биыл көктемгі су тасқынынан төнетін қауіп жоқ

Кеше облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ жұмыс сапарымен Зырян ауданында болып, өңірдегі су басу қаупі бар аумақтарды аралап көрді, тасқынға тосқауыл қоюға байланысты нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, аймақ басшысы мүгедектер мен қарттарға әлеуметтік көмек көрсету мекемесінің жұмысымен және аудан орталығындағы тұрғын үй құрылысының барысымен танысты.

Бұқтырманың бойына алты бөгет салынған

Биыл көктемгі су тасқынынан төнетін қауіп жоқОблыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ бастаған мамандар тобы өңірдегі Бұқтырма, Қамыр және Тұрғысын өзендерінің бойымен тік-ұшақпен ұшып өтіп, ондағы жағдайды бақылады. Топ құ-рамында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Руслан Нұрбатша-нов пен облыстық азаматтық қорғаныс және апаттардың алдын алуды ұйымдастыру басқармасының бастығы Александр Каширин және «Қазгидромет» мекемесінің өкілдері болды.
Оңтүстік Алтай тау сілемдеріндегі мәңгі мұз-дақтардан бастау алатын бұл өзендердегі сең әдетте сәуір айының екінші жартысы мен мамырдың басында сөгіледі. Көктемгі тасқын кезінде Бұқтырманың деңгейі кейде 5,30 метрге дейін көтеріледі дейді мамандар. Олай болған жағдайда осы алқапта орын тепкен Богатырево, Тұрғысын және Парыгино ауылдарындағы бі-раз үйлерді су басуы ықти-
мал.

Соңғы үш жыл ішінде тасқынға тосқауыл қою үшін Бұқтырманың бойына алты бөгет салынғанын атап өткен абзал. Бүгінгі таңда аталмыш дамбалар ұдайы бақылауға алынған. Өзендегі судың қазіргі кездегі деңгейі 2,88 метрге биіктеген. Бұл қауіпті шектен (5,30 метр) әлдеқайда аз, яғни мұздың еру барысы елді мекендерге қатер төндіріп отырған жоқ.

Осы Бұқтырманың бір саласы болып табылатын Қамыр өзенінің жағасына екі қорғаныс бөгет тұрғызылған. Ол жақын маңдағы Путинцево ауылын болуы мүмкін су шаю қаупінен сақтауы тиіс.

Тұрғысын өзенінің бүгінгі деңгейі бір метрге дейін көтеріліпті. Өзен суы кемерінен төрт метрге кө-терілгенде ғана қауіпті болып саналады екен.

Ұшу барысы көрсеткен-дей, өзендерде мұз кептелісі жоқ, «қайта уақыт өте мұз сетінеп, жүрісін жеделдетіп барады» дейді «Қазгидромет» қызметкерлері. Жағдай-ды төтенше жағдайлар мен арнайы органдар толық қадағалап отыр. Маман-дардың айтуынша, соңғы күндерде болып жатқан жауын-шашынның өзендер деңгейінің көтерілуіне әсері болмайды. Қайта мұздың ертерек еріп, сеңнің көбесі сөгілуіне септігін тигізеді.

– Біз аудандағы су басу қаупі бар деген аумақтарды шолып шықтық. Әзірше, құдайға шүкір, қар мен мұздың еру барысы қалыпты жағдайда өтуде. Тасқын болмауы тиіс. Десек те, өзен-көлдер мен су тоғандарына бақылау жүргізуді жалғастыру қажет. Барлық күштер мен техниканың тас-түйін дайын тұрғаны жөн, – деді мәселенің мәнісін нақтылаған облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ.

Облысқа Төтенше жағдайлар министрлігінің қосымша күш-құралдары да келіп жеткен. Атап айтсақ, жеке құрамның 271 адамы, 56 техника, 1 тікұшақ және 19 қайық бірден аймағымыз-дың бірнеше аудандарына аттанды. Оларға тұрғындар-ды мүмкін болар тасқыннан қорғау міндеті қойылып отыр.

Көпқабатты үйлер құрылысы қайта басталды

Аймақ басшысы іссапар аясында Зырян аудандық мүгедектер мен қарттарға әлеуметтік көмек көрсету орталығында болды.

Коммуналдық мемлекет-тік мекеменің аудан бойынша сегіз бөлімшесі бар. Орталық кембағал жандарға жартылай стационар жағдайында немесе үйлеріне барып әлеуметтік, медициналық және құқықтық көмек көрсетеді. Мекеме басшылығы енді өздері көрсететін әлеуметтік көмек түрлерін көбейтуді көздеп отыр.

Облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ орталықтың ішін аралап көрді. Мұнда гидромассаж және ем-дом кабинеттерін, тренажер залын ашу жоспарлануда екен. Аймақ басшысы ғимаратты керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге және оның қасбеті мен шатыр-терезесін жөндеуге қаржы бөлінетінін жеткізді.

Бұдан соң өңір басшысы Зырян қаласындағы тұрғын үй құрылысының барысымен танысты. Аудан орталығының Горький көшесінде «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарла-масы бойынша көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. Ол осы жылдың ішінде салынып бітеді. Атап өтерлік жайт, бұл – Зырян қаласындағы соңғы жиырма жылда іргесі қала-нған алғашқы көпқабатты үй. Жаңа ғимарат қазірдің өзінде шағын қалаға көрік беріп тұр. Тек бір «әттеген-айы» жоба бойынша оның төбесіне жұмсақ жабынды жайылыпты. Мұндай шатыр ары кетсе бес жылдан соң сыр беріп, тесіле бастайтын көрінеді.

– Құрылыстың сметалық құжаттарын әзірлегенде бәрін де ескеру керек еді ғой. Кез келген жұмыста ең бастысы сапа мәселесіне көңіл бөліну қажет, – деді облыс Әкімі Бер-дібек САПАРБАЕВ осы ретте.

Ғарышкер көшесінің бо-йында да 80 пәтерлік үй салынып жатыр. Мердігер ұйым – «Өскемен-пласт» серік-тестігі нысанның жобалық құжаттамасын әзірлеуді және айналасын абаттандыруды өз мойнына алған.

Құрылыс жұмыстарының құны 417 миллион теңгеден асады, ғимараттың тұрғын ауданы 5 мың шаршы метр шамасында. Баспана жоспар бойынша осы жылдың соңында пайдалануға берілуі тиіс. Пәтерлерге қаланың оңтүстік аумағындағы су бас-қан үйлердің тұрғындары көшірілмек.

Ержан Әбіш

Осы айдарда

Back to top button