Бесқарағайлықтар ерекше белсеніп отыр
Бесқарағай ауданында облыс Әкімінің орынбасары Владимир Кошелевтің қатысуымен өткен жиында ауылшаруашылығын дамытуға бағытталған мәселелер талқыланды.
Ауданда егіс алқабы биыл бес пайызға ұлғаймақ. Осы орайда жиын тікелей көктемгі егістікке дайындық барысына арналды. Аймақтағы егін салынған жердің 40 пайызы ылғал сақтау технологиясымен өңделмек. Осы бағытта диқандарға 23 мың тонна дизельді отын 81-82 теңгеден сатылатын болады. Бұл – жанармайдың нарықтағы бағасынан едәуір төмен. Диқандар үшін арнайы субсидиялар жеңілдікпен беріліп отыр.
– Өсімдік шаруашылығы да назардан тыс қалмайды, – деді облыс Әкімінің орынбасары Владимир Кошелев. – Соңғы жылдары тамшылатып суару әдісі бойынша жұмыстар кеңінен атқарылып келеді. Бесқарағай ауданында суару бағдарламасы-ның жобасы жасалуда. Бүгінгі таңда 4-4,5 мың гектар жерді «Жаңбыр» бағдарламасы арқылы жүзеге асыру қолға алынған. Осыны пайдалана отырып, өсімдік шаруашылығын жан-жақты дамытып, малға арналған азықтың барлық түрін өсіруге болады.
– Бізді үнемі назардан тыс қалдырасыз-дар, – деді жергілікті кәсіпкер Александр Титов. – Жақсы өнім алу үшін несие жағы қарастырылып, құс шаруашылығын да дамытуды қолға алған жөн ғой.
Бұған жауап берген облыс Әкімінің орынбасары Владимир Кошелев биыл осы ауданда облыс басшысы Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ Алтай өлкесімен жасаған меморандумына орай құс фермалары ашылып, бройлер тұқымдары жеткізілетінін, несие мәселесі де қолға алынатынын айтты.
– Шағын фермаларды субсидиялау қа-жет. Сонда ғана жұмыртқа мен ет өнімдерін молайтатын боламыз, – деді Владимир Кошелев.
Бесқарағай ауданының әкімі Қалихан Байғонысовтың айтуынша, ауылшаруашы-лығына қатысты тың өзгерістер облыстағы экономикасы ілгері болып саналатын өңірді алға қарай жетелей түсері сөзсіз. Ауданда тұқым, жанар-жағармай, бәрі жеткілікті. Шаруашылықтар толық қамтамасыз етілген. Бесқарағай ауданы көшбасшы бола алады деуге толық негіз бар, тек ауылшаруашылы-ғын қолдау қажет.
Мәдениет үйінде өткен жиналысқа облыстық ауылшаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Т.Жексембаев, облыстық жер қатынастары басқармасының бастығы К.Төлеубеков, Қазақстан Рес-публикасы Ауылшаруашылығы министрлі агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті облыстық аумақтық инс-пекциясы бастығының орынбасары К.Сейтқазин, Шығыс Қазақстан облысы бойынша ветеринарлық бақылау және қадағалау инспекциясының бастығы К.Тоқтасынов, жә-не басқа да лауазымды басшылар қатысып, өз ойларын ортаға салды.
Мұнан соң облыс Әкімінің орынбасары Владимир Кошелев аудандағы көшет отырғызу шарасына қатысып, тұрғындарды қабылдап, олардың талап-тілектерін тыңдады.
Бесқарағай ауданы