Біле жүріңіз

Барға қанағат, жоққа салауат

Жаз айының бел ортасы. Күн ыстық. Айналасының барлығы сусыған құм.

Мұхаммед пайғамбар әбден шөлдеп, жан шақырар, шөл басар баспана іздейді. Алыстан бір жұпыны қос көрінеді. «Құдайы қонақпын» деп барады. Қайыстай қатқан шүйкедей кемпір қарсы алады. Ошағына от жағып, қазанындағы қайнаған қара суға ұн сеуіп, көже пісіреді. Оны тостаққа құйып, мейманына ұсынады. Оң қолымен ағаш шөмішін тік ұстайды.

Мұны көрген пайғамбар:

– Неге бүйтіп отырсың? – дейді.

Сонда отанасы:

– «Ет аспады» десең, маңдайыңнан бір пермекшімін, – дейді.

Мұхаммед пайғамбар қынынан қылышын суырып алады.

– Мұның не? – дейді шошып қалған кейуана.

– «Соятын қой, асатын ет жоқ» деп зарласаң, басыңды шабамын. Барға қанағат, жоққа салауат керек, – депті сонда пайғамбарымыз.

Үмітхан Нұрғалиев

Осы айдарда

Back to top button