Саясат

Айшықты істер көп

Семейге жұмыс сапарымен Парламент Сенатының депутаттары келді. Жұмыс сапары барысында делегация Семей медицина университетінің қызметімен және жетістіктерімен танысты.

Депутаттарға қызметкерлер мен білім алушыларға қызмет көрсету орталығының мүмкіндіктері көрсетілді. Университет кітапханасында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында толықтырылған кітап қорының жаңа топтамасы ұсынылды. Сонымен қатар қонақтар студенттерге арналған білім беру контенті әзірленетін аудио, бейнежазба студиясында болды. Сондай-ақ сенаторлар Кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметованың мұражайына және Семей ядролық полигонының тарихы сақталған Бейбітшілік музейіне барды. Қашықтан білім беру жағдайында симуляциялық технологиялар, анатомия, мұнымен қоса профессор Н.Хлопов атындағы топографиялық және клиникалық анатомия кафедраларының жұмысы да қызығушылық тудырды.

Экологиялық бағытта белсенді жұмыс істейтін №3 орта мектепте сенаторларға экологиялық бастамалар таныстырылып, оқу процесін қашықтан ұйымдастыру әдістері туралы айтылды.

Бұдан соң Парламент Сенатының білім, денсаулық сақтау, еңбек, мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі комитетінің мүшелері Қарағайлы ықшам ауданында болып, құрылыс барысымен танысты, көпсалалы мәдени-спорт кешенінде болды. Сол күні делегация М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжде және Бейбітшілік аралының саябақ аймағында болды.

Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы қала дамуының қарқынын, атқарылған айшықты істерді атап өтті.

– Біз бірқатар денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінің жұмысымен таныстық. Проблемалар бар, әсіресе денсаулық сақтау саласында. Мұның себебі – мамандардың жетіспеушілігі. Осы түйткілдердің барлығы министрмен талқыланады, кездесу 30 қазанға жоспарланған. Жалпы, қала дамып келеді, бұл – өте қуантарлық жағдай, – деді ол.

Мария Щетинина

 Семей.

Осы айдарда

Back to top button