Ел жаңалықтары

Аяулы жас келін

Ұланда «Аяулы жас келін-2022» атты аудандық байқауы өткізілді. Байқау ережесіне сәйкес сайыс 18-ден 29 жасқа дейінгі  аудан аумағында тұратын келіншектер арасында өтті.

Ұмыт болып бара жатқан ұлттық салт-дәстүрлерімізді ұлықтауға бағытталған сайысқа ауданның ауылдық округтерінен ақылына көркі сай жеті  жас келіні қатысып, өзара сынға түсті. «Аяулы жас келін-2022» байқауы үш кезеңнен тұрды. «Жас келіннің бір күні» кезеңінде  байқауға  қатысушы бір күндік тыныс-тіршілігін көрсететін бейнематериалды көрермен назарына ұсынды. Шығармашылық кезеңде әрбір қатысушы өзін таныстырып, қазақтың әдеп-ғұрпына, дәстүріне байланысты сұрақтарға жауап берді. Өз өнерлерін ортаға салып,  келіндердің бірі мың бұрала би билесе, екіншісі әуелете ән салды, ал үшіншілері мәнерлеп өлең оқыса, тағы бірі пьесадан үзінді көрсетті. Ал үшінші «Ас – адамның арқауы» кезеңінде әр қатысушы өзі дайындап келген  ұлттық тағамдарын таныстырды.

Нәтижесінде Алмасай ауылдық округінің келіні  Мейрамгүл Аманжолова  «Аяулы жас келін-2022» байқауының жеңімпазы атанды. Іс-шара соңында байқаудың жеңімпазы мен қатысушыларына арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

Қуаныш Рахметоллаұлы

 

Осы айдарда

Back to top button