Саясат

Ауылдың жағдайын жақсартуға жаңа серпін береді

Ауылдың жағдайын жақсартуға жаңа серпін береді

Былтырғы қазан айында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партия¬сы облыстық филиалының есептік-сайлау конференциясы өткен болатын. Өңірдің әр түкпірінен 87 делегат қатысқан жиынға «Ауыл» пар-тиясының төрағасы, Парламент Сенатының депутаты Әли Бектаев қаты¬сып, қайта тіркеуден өткен партия¬ның негізгі міндет-мақсаттарын жеткізді.
Осы орайда қайта құрылымдаудан өткен саяси инс¬ти¬туттың өңірдегі тыныс-тіршілігі туралы партияның Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Камал Арынхановпен әңгімелескен едік.
– Камал Миятұлы, өткен күзде Астанада «Ауыл» партиясының кезектен тыс ХІ съезі мен саяси ке¬ңесінің отырысы өткені мә¬лім. Соңғы уақытта сіздерге Қа¬зақстанның Патриоттар партиясы қосылды. Партияның бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы не айтуға болады? Саяси күштердің өзара бірігуінен қандай нәтиже күтеміз?
– Иә, партиямызда бірқатар құрылымдық өзгерістер орын алды. Осыған орай, жұмыстың барлығын қайтадан бастап жатырмыз. Жалпы, партиялардың бірігуін дұрыс қабылдаймын. Өйткені, біз электорат жағынан толығып, күшейе түстік. Бұл – біздің ауылдың жағдайын жақсартуға бағыт¬талған жұмысымызға жаңа серпін береді деген ойдамыз. Себебі, ауыл¬дарда ел тұрғындарының елеу¬лі бөлігі тұрады. Олардың әлеу¬меттік ахуалы мен инфра¬құ¬рылымдық жағдайын жақсарту – біздің міндетіміз. Бұл ретте өзіміздің партиялық бағ¬дар¬ламамыз, саяси кеңестің шеші¬мімен қабылданатын жарғылық мақсаттарымыз бар.
Бүгінде облыстың аудандық мәсли¬хат¬тарында 6 депутатымыз бар. Атап айтқанда, Бесқарағай, Көкпекті, Бородулиха, Абай және Күршім аудандарында бірқатар «ауылдықтар» мәслихат депутаты атанған болатын. Алдағы уа¬қытта облыстық мәслихатқа да өз депутаттарымызды қосуымыз керек. Өйткені, олар – біздің үні¬міз. Депутаттарымыз ауыл шаруа¬шылығын өрістетуге арнал¬ған «Сыбаға», «Жайлау», «Агро¬бизнес-2020» сынды бағдар¬ламалардың жергілікті жерлер¬дегі мүлтіксіз орындалуын қа¬дағалайды. «Нұр Отан» партия¬сының бағдарламаларына қолдау білдіреді. Жалпы, облыс көле¬мінде «Ауыл» партиясының 18 546 мүшесі бар. Ал Патриоттар пар¬тиясы филиалының 2 мыңға жуық мүшесі бар екен. Бұл элек¬тораттың бізге қосылуы күшіміз бен әлеуетімізді арттырады.
– Мемлекеттік бағдар¬ла¬малардың жүзеге асырылуына «Ауыл» партиясы өңірлік ф謬лиал¬дарының белсенді қы第меті қа¬жет екені белгілі. Бүгін¬де қайта жаң¬ғырған партия фи¬лиа¬лының қандай жоспарлары бар?
– Мен «Ауыл» партиясында 2005 жыл¬дан бері еңбек етіп ке¬лемін. Осы жылдарда біз өңір¬дегі ау¬дандар мен қалаларда пар¬тия қа¬натының қатаюы үшін жұмыс істедік. Біз¬дің құра¬мымызда ауыл шаруа¬шылығында еңбек ететін қа-рапайым еңбек адамдары, ауыл тұрғындары, шаруа қожалық¬тарының жетекшілері мен агросектор мамандары басым. Олар ауылдың тыныс-тіршілігін жақсы біледі.
Қайта тіркеуден өткен пар¬тия¬ның жұмысы енді басталып жатыр. Былтыр күзде әр ауданда кон¬ференция өткізіп, аудандық фи¬лиалдардың төрағаларын сай¬ладық. Енді шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерліктер базаларында бастауыш партия ұйымдарын құрып, олардың жұмысын жандандырып жатырмыз. Бұл орайда біраз жоспарларымыз бар. Қазір партияның жарғысына бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Жаңарған «Ауыл» партиясы тіркеу¬ден өтті. Осыған сабақтас пар¬тияның Шығыс Қазақстан облыс¬тық филиалы тіркеуден өткізі¬леді. Жаңа жарғыны ақпарат¬тық-түсіндіру, насихаттау жұ-мыстары жүргізіледі.
Өткен жылдың қараша айында «Ауыл» пар¬тия¬сының төрағасы Әли Бектаевтың қатысуымен облыстық төралқа отырысын өткіздік. Сол кезде партия филиалының төрағасы болып «Астана-Бизнес» ЖШС президенті Фарид Абитаев та¬ғайындалды және төралқа мен саяси кеңес мүшелерін сайладық. Саяси кеңеске 11 адам мүше болды. Бұрынғы Патриоттар партиясының филиалына жетекшілік еткен Владимир Лопаткин екеуміз орынбасары болып тағайындалдық.
Бүгінде ұйымдастыру жұ¬мыс¬¬тары қызу жүруде. Партия нышандары мен жарғысы бойынша шаруалар атқарылды, мүшелерге жаңа партиялық билеттер беріп, партиялық қабылдаулар өткізіп жатырмыз, сондай-ақ, алдымызда сайлауға үміткерлерді анықтау және қаржыландыру көздерін қарастыру сынды ауқымды мін¬деттер тұр.

Сұхбаттасқан – Ержан Әбіш

Осы айдарда

Back to top button