Ауыл шаруашылығы

Ауылдың келешегі азаматтарына байланысты

Шемонайха ауданында ауылдық округтердің әкімдері БАҚ өкілдерімен кездесіп, ауыл-аймақ өмірінің бүгінгі жай-күйін талқылады.

Ауылдың келешегі азаматтарына байланыстыРазин ауылдық округінің әкімі Светлана Лычагина округте мал шаруашылығының даму мониторингі соңғы үш жылда қалыпты дамып келе жатқанын тілге тиек етті. Бүгінде ауданда су құбырын тартудың жобалық-сметалық құжаттары дайындалған, оған облыстық бюджеттен қаржы да бөлініп қойыпты. Ауылдық округтерде мәдениет, денсаулық сақтау, білім беру нысандарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бейне және аудио құрылғылар, теннис үстелдері, бильярд ойынының үстелі тұрғындар игілігіне беріліпті.

Сөзін қорытындылай келе С.Лычагина өз істеріне адал, шаруаларын дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер мен басшылардың есімдерін атап өтті. Олар: С.Дүкенов И.Лонский, В.Акулов, С.Бондаренко, Г.Казкон, С.Эрфурт, Г.Данилова, Е.Сорокина, және Г.Богословская. Аты аталған жандар тұрғындарға қолдан келгенше көмектерін аямай, ауылдың өсіп-өркендеуіне бар күш-жігерлерін салуда.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button