Білім

Аудармашылар курсы ұйымдастырылды

Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дағы «Руханият» ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп «Аудару теориясы мен техникасының негіздері» тақырыбында аудармашылардың біліктілігін арттыру курсын ұйымдастырды.

Аудармашылар курсы ұйымдастырылдыАталмыш курсқа Риддер, Серебрянка, Курчатов қалаларынан, Зырян, Шемонайха, Глубокое, Бородулиха аудандарынан 18 тыңдаушы қатысты.

Курс сабақтарынан доцент Күлзихан Маселова, филология ғылымдарының кандидаты Салима Симбаева, доцент Айгүл Сейілхан, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы Манарбек Мұхамеджанов, ономастикалық жұмыстар мен талдау бөлімінің меңгерушісі Роза Төлемісова дәріс берді.

Курс барысында аударма ісінің теориялық негіздері, аудару ісіндегі терминдердің рөлі, ресми стильдегі мәтіндерді аударудың негізгі қағидалары, жер-су атауларын жазуда кездесетін кейбір мәселелер, тіл мәдениетінің тарихи-лингвистикалық негіздері талқыланды. Курс соңында аудармашыларға біліктілікті арттыру жөнінде арнайы сертификаттар табыс етілді.

Айгүл Мұратбекова,
доцент

Осы айдарда

Back to top button