Саясат

Атқарушы органдар қызметі бағаланады

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысындағы тәртіптік кеңесінің кезекті отырысы өтті. Аталған отырыста төрт мәселе қаралды, оның ішінде үшеуі Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талаптарын бұзу фактілеріне байланысты болды.

Атқарушы органдар қызметі бағаланадыҚаралған тәртіптік істер бойынша Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексінің талаптарын бұзғаны үшін екі мемлекеттік қызметшіге қатаң сөгіс жариялау, Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының талаптарын бұзғаны үшін мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілетті адамды атқаратын қызметінен босату туралы ұсыныстар жасалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19-наурыздағы №954 «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі» Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы жылдың басынан аумақтық және жергілікті атқарушы органдарында қызметтің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жұмыстарын өткізуде.

Бағалау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2012 жылғы 13-қаңтардағы №21 бұйрығымен бекітілген облыстың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсету қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесімен сәйкес жүргізіледі.

Бағалауға 2011 жылы облыстық басқармалар, аудандық, қалалық және ауылдық әкімдіктер көрсеткен қызмет түрлері жатады. Сондықтан тәртіптік кеңес отырысында 2011 жылы облыстың жергілікті атқарушы органдары көрсеткен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы Әкімі аппаратының ақпараты тыңдалды.

Тәртіптік кеңес хатшылығы

Осы айдарда

Back to top button