АСТАНАДАН ҮЙ АЛУ ОҢАЙЛАДЫ
Елордаға қоныс аударуды жоспарлап жүргендер немесе балалары Астанада оқып жатқандар үшін жағымды жаңалық. Елімізде «Кереге ипотека» деп аталатын жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылды.
Көпшіліктің өтініші бойынша енді «Отбасы банкінің» салымшылары BI Group құрылыс компаниясы салып жатқан тұрғын үй кешендерінен алдын ала 30 пайыздық жарна сала отырып пәтер ала алады. Несие 7 пайыздық мөлшерлемемен беріледі. Ол үшін «Отбасы банкінде» жинақтың болуы міндетті емес. Шотты сол күні ашып рәсімдеуге болады.
«Отбасы банкі» мен BI Group құрылыс холдингі тұрғындарға үй алудың жаңа жолын ұсынды. «Кереге ипотека» бағдарламасының талаптары мынадай: бастапқы жарна 30 пайыз. Салымшылар 100 млн. теңгеге дейінгі соманы 25 жылға 7 пайызбен рәсімдей алады.
– BI Group пен «Отбасы банкінің» «Кереге ипотека» бағдарламасы қазақстандықтарға тезірек баспаналы болуға мүмкіндік береді. Қазақстандықтар тұрғын үйді Baspana Market сайтынан таңдауға болады. Онлайн өтініш беру уақытыңызды үнемдейді әрі несие беруді ұйымдастыру қызметі екі есе арзанға түседі, – дейді “Отбасы банкі” АҚ сату және өңірлік даму департаментінің директоры Гүлмира Датқаева.
Бағдарламаның тағы бір артықшылығы кепілге сатып алынған пәтер қойылады. Жинақтың болуы міндетті емес. Шотты сол күні ашып рәсімдеуге болады. «Отбасы банкі» мен BI Group өкілдері осындай келісімге келіп, ресми құжатқа қол қойды.
–Бірінші кезеңде біз еліміздің төрт қаласынан, 27 тұрғын үй кешенін қарастырамыз. Бұлар: Алматы, Астана, Шымкент және Атырау қалалары. Оның ішінде қазіргі таңда сатылымда 1200 пәтер бар, – дейді BI Group қаржылық технологияларды дамыту бөлімінің басшысы Нұрлан Оңғарбаев. Өскеменде әзірге BI Group компаниясы салып жатқан үйлер жоқ.
«Кереге ипотека» бағдарламасымен пәтер сатып алуға байланысты сұрақтар бойынша 300 нөмірі арқылы «Отбасы банкіне», 360 нөмірі арқылы BI Group құрылыс компаниясына ұялы телефонмен тегін хабарласуға болады.
Жамал ЕРМЕН