БаспанаЖаңалықтар

Энергетик мамандарға арендалық баспана салынады – Өскемен

Өскеменде энергетик мамандарға арендалық баспана салуға жер бөлінді.

Қала әкімі Жақсылық Омар тұрғындармен кездесу кезінде Согра жылу орталығының проблемасын назарда ұстап отырғандарын айтты, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Орталықта мамандар тапшы екен. Осы мәселені шешу мақсатында қала әкімдігі жылу энергетиктерін даярлауға арнайы грант бөлді.

– Оқуды тәмамдаған соң олар бес жыл жылу орталығында жұмыс істеуге тиіс. Согра жылу орталығы коммерциялық нысан болғанымен, біз кадр  тапшылығын шешуге қолдау көрсетеміз. Жас мамандарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында арендалық үйлер салуға жер бөлінді. Әзірге осы мамандықты таңдаған ШҚТУ-дың студенттері, колледж оқушылары  дуальды білім беру жүйесімен түске дейін оқып, түстен кейін Согра жылу орталығында тәжірибеден өтетін болады.  Кәсіпорын оларға жалақы төлейді, – деді шаһар басшысы.

Кәмал Естай

Осы айдарда

Back to top button