Аймақтар аухалыБаспана

Көпбалалы аналарға үй беріледі – Риддер

Риддерде халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешуге де бірқатар жұмыстар атқарылмақ.

Бұл туралы Риддер әкімінің міндетін атқарушы Дархан Қосантаев мәлімдеді, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Қазір мұнда мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспанаға мұқтаж 1565 адам тіркелген. Оның ішінде 537-сі жетімдер, 58-і көпбалалы отбасылар болса, 544 адам халықтың әлеуметтік осал топтарына жатады. Қалада 2023-2024 жылдары «Қазцинк» ЖШС қаражаты есебінен 5 қабатты тұрғын үй салу жоспарланған. Сонымен қатар, Риддер қаласында кезекте тұрғандарды баспанамен қамтамасыз ету шеңберінде 6 шағын ауданда бес қабатты тұрғын үй және 5 шағын ауданда екі тоғыз қабатты тұрғын үй салуға ЖСҚ әзірленді. Енді Республикалық бюджеттен 3,7 миллиард теңгеге жобаларды қаржыландыру қажет.

-Қазір тұрғындарды пәтермен қамтамасыз ету үшін жұмыстар жүргізілуде. 2023 жылы жалпы ауданы 1700 шаршы метр болатын 10 екі пәтерлі тұрғын үй салуға оффтейк-келісімшарт жасалды. Оларды бірінші кезекте көпбалалы аналарға берсек деп отырмыз. Шамамен қазан айында бір «Бір қабатты шығыс» бағдарламасы аясында салынған үйлердің кілтін табыстайтын боламыз, -деді Дархан Қосантаев.

Ынтымақ Толқын

 

Осы айдарда

Back to top button