БаспанаБір қабатты Шығыс

Самарлықтар баспанамен қамтылады – ШҚО

“Бір қабатты Шығыс” бағдарламасы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтары үшін үйлер салынады.

Самар ауданында биыл “Бір қабатты Шығыс” бағдарламасы бойынша 11 жаңа үйдің құрылысы жоспарланған. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Дамир Ордаханов Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Одан бөлек, Самар ауылында 60 пәтерлі тұрғын үй қайта жаңартылмақ.

“Жеке инвестор Самар ауылындағы 60 пәтерлі тұрғын үйді қайта жаңартуды жүзеге асыруда. Қайта құру “of take contrakt” шарты бойынша жүргізіледі. Осы мақсаттардың барлығына 933 млн теңге жұмсалады”, – деді Дамир Ордаханов.

Сонымен қатар, Самар ауылында сумен жабдықтау желілерін қайта жаңартуды жалғастыруға 693,9 млн теңге бөлінген екен.

“Самар ауылында “Ауыл ел Бесігі” бағдарламасы бойынша 247 млн теңгеге көшелердің орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, 360 млн теңгеге Палатцы ауылына кіретін жолға орташа жөндеу, 3,5 млн теңгеге Аққала ауылының жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда”, – деп атап өтті спикер.

2023 жылы Қайыңды ауылында электрмен жабдықтауды жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сарыбел ауылында бейнебақылау камералары орнатылып жатыр. Алдағы уақытта ҚТҚ қоршауын орнату жоспарланған.

Осы айдарда

Back to top button