Ашық пікір алмасты
Өскемендегі талдау және болжау институтында саяси клубтың кезекті отырысы болып, «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы облыс филиалының жетекшісі И.Булгаков төрағалық етті.
Оған өңірдегі саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің басшылары және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Жиынның күн тәртібінде жұртшылықтың көкейінде жүрген өзекті деген саяси және әлеуметтік мәселелер қаузалды. Атап айтсақ, қатысушылар облыс орталығындағы Геологический көшесінде орналасқан бұрынғы балабақша ғимаратының базасында балдырғандарға арналған қалалық шипажайлық-сауықтыру орталығын құру жөніндегі мәселе сөз болды. Дегенмен, олар бұл мәселені келешекте облыс Әкімінің жанындағы қоғамдық кеңестің қарауында жан-жақты талқылау қажет деп шешті.
«Қазақстанның болашақтағы келбеті» деген тақырыптағы И.Булгаковтың баяндамасын тыңдаған көпшілік оған қатысты өздерінің ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын айтты.