Арықтар тазартылмаса, ағын судың астында қаласың
Семей қаласына жұмыс сапарымен облыс Әкімінің орынбасары Ермек Көшербаев келді. Ол өзінің сапары барысында қаладағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандарымен бірге қаладағы сел тасқыны бар қауіпті аймақ Затон бөлігі мен Мирный кенттерін аралады.
Бұл жерлерде ұзындығы 21 шақырымға созылған арықтар орналасқан. Соңғы төрт жылда әбден тозығы жеткен арықтар жергілікті тұрғындарды әбден мезі етті. Арықтардағы су арнасынан шығып кетіп, тұрғын үйлер су астында қалып отыр.
– Біз, міне, бірнеше жылдар бойы үйімізге кіріп кететін судың жолын қалай бөгерімізді білмей отырмыз, – дейді Затон тұрғыны Бақыт Ожанова. – Үйден барлық затты, тамағымызды шығарып тастауға тура келеді. Баратын жер жоқ. Өткен жылы Заводская көшесін су толығымен басып қалды. Жылда арықтар уақтылы тазартылмайды, ағын судың кететін жолы жоқ.
Су басқан кезде тұрғындар амалдап үйлеріне келе жатқан ағынның жолын бөгеп, шлак күлінен қорған жасамақ болады екен. Бірақ бұл көрініс уақытша ғана, мәселені түпкілікті шешпейді. Биыл Семейде қыс қатты болғанымен, қар аз түсті. Мамандардың пікі-рінше, бұл көктемгі су тасқынының қаупін сейілтпейді. Себебі, қар аз түскендіктен жер-дің үстіңгі қабаты қатып қалған. Сондықтан да көктем келе еритін қарды жер бірден сіңіріп әкете алмай отыр. Күн суық. «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі мамандарының айту-ынша, биыл Ертістегі мұздың қалыңдығы 61 сантиметр, ал судың ағысы қалыпты. Ертістің қары еруінің де осы аймақтарға тікелей қатысы бар. Қыс бойы осы Затон, Мирный жерлерінде елу шақты адам мен 8 техника жұмылдырылып, көшелерді қардан аршып, арықтарды тазартып, тәулік бойы кезекші-лікпен жұмыс істеген. Күннің жылынып, жаз-дың келуіне орай шіріп кеткен құбырларды жөндеу үшін және осы мәселеге орай арнайы жобаны іске қосу үшін облыстық бюджет тарапынан қаржы бөлінуі кезек күттірмейтін шаруа. Мәселенің мән-жайымен танысқан облыс Әкімінің орынбасары Ермек Көшербаев өз ойын білдірді.
– Әрине, біз халықтың жағдайын түсіне-міз. Қолымыздан келгенше көмектесіп жатырмыз. Проблеманы түбегейлі шешу үшін біз арықтардан су кету мәселесін ғылыми тұрғыдан егжей-тегжейлі зерттеп, қарасты-руымыз қажет. Су неге көбейіп кетеді, қайдан шығады, қайда барады? Содан соң қала әкімшілігі облыстың бюджеттік комиссия назарына арнайы құжатты толық дайындап ұсынғаны жөн. Тұрғындар да қарап отырмауы керек. Байқасам, осындағы әрбір үйдің ауласында су жүретін арықтар бар екен. Адамдар тазалық сақтап, арықтардың жолын тазалап отыруы қажет. Олардың жолына күл-қоқыс төгуге болмайды. Әзірше су мөлшері қалып-ты, бұл мәселені үнемі назарда ұстап отыру керек, – деді ол.
Семей