Біле жүріңіз

Ақпарат бөліскенде абай болыңыз

Аудио, бейнежазбалар мен суреттерді әлеуметтік желі арқылы өте сақтықпен жіберу керек. Азаматтық кодекстің 145-ші бабына сәйкес қандай да бір адамның бейнесін оның келісімінсіз пайдалануға ешкімнің құқығы жоқ.

Әлеуметтік желіде аудио, бейнежазбалар мен фотосуреттерді, әсіресе біреудің жеке өміріне қатысты суреттерді жіберуден аулақ болыңыз. Заң бойынша, оларды адамның келісімінсіз пайдалануға болмайды, суреттер мен аудио, бейнежазбаларды иесінің рұқсатынсыз үшінші тұлғаларға таратушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл – адамның жеке өміріне қолсұғушылық.

Ел Конституциясының 18-ші бабына сәйкес әрбір азамат өзінің жеке өміріне қол сұғылмауына, жеке және отбасылық құпиясына, сондай-ақ өзінің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар екенін еске саламыз.

Коронавирус індеті кезінде ватсап арқылы тараған жалған ақпараттар есіңізде шығар? Әсіресе ұшақтармен вирус бүрку туралы бейнежазбалар көп болды. Иә, бұл қауесет желіде көп тарады, өкініштісі сол, көбісі оларға сенді… Содан бері ватсап хабарлама жіберу мүмкіндігін шектеді, енді бір хабарламаны бір уақытта ең көбі бес қолданушыға ғана жіберуге болады.

Күмәнді хабарлама жіберудің қажеті жоқ, осылайша сіз оқиғаның бұрмалануына ықпал етесіз. Кейбір жалған сөздер қылмысқа итермелеп, тәртіпсіздіктерді қоздыруға септеседі.

Ержан Әбіш

 

Осы айдарда

Back to top button