Біле жүріңіз

Аманат

Қымбат, бағалы заттарын уақытша біреуге қалдыру «аманат» деп аталады.

Аманатты сақтау үлкен адамгершілікке жатады. «Аманатқа қиянат жасама». Бұл сөз сеніп тапсырған адамға аса адалдықты, адамгершілікті сақтау керектігін білдіреді.

«Аманат» рулар мен жүздер арасындағы ауызша келісімшарт болып, үлкен сенімділікті көрсетеді. «Аманат» достықты, бірлікті, келісімге келуді танытады.

Жаугершілік заманда соғысып жатқан елдер өзара келісімге келіп, татуласудың белгісі ретінде бір-біріне бала беріп, бала алысқан.

Үмітхан Нұрғалиев

Өскемен

Осы айдарда

Back to top button