Білім

Алматы облысы түлектерімен онлайн кездесті

Д. Серікбаев атындағы мемлекеттік техникалық университет Алматы облысы Алакөл ауданының мектеп бітіруші түлектерімен онлайн кездесу өткізді.

Басқосуға Алакөл аудандық білім бөлімінің мамандары, мектеп директорлары, Өскемен қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының ұтқырлық және еңбек ресурстары бөлімінің басшысы Жазира Қалқажанова, сонымен қатар университеттің проректоры мен декандары қатысты.
– Тегін оқу, шәкіртақы, жолақы, жатақханамен қамтамасыз ету, тұрақты жұмысқа жолдама… Бұл мүмкіндіктерді ұсынатын бірден бір жоба – «Серпін-2050» «Мәңгілік Ел жастары – индустрияға!» бағдарламасы. Біздің оқу орын атамлыш жобаға белсене ат салысуда. Қазір жоба аясында оқуын тәмамдаған алғашқы түлектер біздің өңірде жұмысқа орналасып, баспаналы болып жатыр, – дейді жоғарғы оқу орынының мамандары.
Өскемен қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының ұтқырлық және еңбек ресурстары бөлімінің басшысы Жазира Қалқажанованың айтуынша, «Серпін» бағдарламасы бойынша оқуға түскен үміткірлерге көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Мысалы, жұмыспен қамту орталығына қажетті құжаттарды жинап апарсаңыздар, айына 54 мың көлемінде көтерме ақы төленеді.
Эфир барысында мектеп түлектері сұрақтарын тікелей мектеп декандарына қоюға мүмкіндік алды. Көпшілігі гранттар саны, оқуға түсу балы, білім бағдарламалары жайлы сұрақтар жолдады.

Тасқын Болатұлы

Осы айдарда

Back to top button