Журналистік зерттеу

«Алакөлдің суы ғана ұнады» деген сөзден қашан құтыламыз? (фоторепортаж)

«Алакөлдің суы ғана ұнады» деген сөзден  қашан құтыламыз? (фоторепортаж)

Алакөлге демалушылар негізінен еліміздің екі аймағынан – Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарынан көптеп барады. Көлдің емдік суы мен балшығы көптеген ауруларға таптырмас ем. Жыл сайын Алакөл маңында демалыс базалары мен пансионаттар, шипажайлар көптеп салынуда. Бірақ Қазақстанның інжу-маржаны саналатын Алакөл еліміздің туристік саласының інжу-маржанына әлі күнге дейін айнала алмай отыр.

«Алакөлдің суы ғана ұнады» деген сөзден  қашан құтыламыз? (фоторепортаж)

Алакөл маңында демалыс базаларын салған кәсіпкерлердің барлығы өздерінің айтуынша, бір саясатты таңдап алған. Олардың барлығы туристерге «all inclusive» немесе «бәрі енгізілген» жүйесімен демалуды ұсынады. Шынында да, мұны дұрыс таңдау десе де болғандай. Өйткені, мұндағы демалушылар плитаның жанында сағаттап тұрып, тамақ пісіріп, кір жуғаннан гөрі демалғанды жөн санайды. Десе де Түркия, Египет және әлемнің басқа елдерінде жемісті жүзеге асып жүрген жүйе Алакөлде жиі сыр береді. Біздің тілшіміз Алакөлдің жағалауында болып, мұның себебі неде екенін анықтап білді.

Жол азабын жүрген біледі

«Алакөлдің суы ғана ұнады» деген сөзден  қашан құтыламыз? (фоторепортаж)

Әдетте демалыс орнына баратын туристерді ондағы инфрақұрылым деңгейіне қатысты сауалдар бірінші кезекте мазалайтыны сөзсіз. Бұл барлығының бас қатыратын мәселесі. Ондағы санитарлық жағдай, тамақтың сапасы, бассейндегі судың температурасы, көңіл көтеретін бағдарламалардың болуы, судағы қауіпсіздік және тағы басқа да сауалдар демалушылардың қай қайсысын болсын толғандыратыны белгілі. Десе де демалуға баратын қалалықтардың алдынан шығатын басты мәселе – демалыс орнына жету.

Осы жерден-ақ түрлі мәселе туындайтыны жасырын емес. Сырт көзге бір қарағанда ешқандай мәселе жоқ секілді. Үржарға тұрақты түрде ұшақ қатынайды, облыс орталығы мен демалатын жағалауға автобустар да ағылып жатыр. Егер жекеменшік көлігіңіз болса, тіпті жақсы. Ешқандай кедергі жоқ деп ойлауыңыз да мүмкін. Бірақ олай емес. Алдыңыздан шығар кедергінің ең үлкені – жол. Тіпті жеңіл көлікпен жүргеннің өзінде Өскеменнен Алакөлге дейінгі қашықтықты жеті сағаттың ішінде әзер еңсересіз. Егер сіздің көлігіңіз жол талғайтын болса, онда жолға 12 сағат уақыт жұмсауға тура келеді. Жолдың кейбір бөліктері шопырлардың сөзімен айтсақ, «убитая». Десе де жаңадан белгілер салынған 200 шақырымдай тегіс жол демалушыларға кішкене де болса қуаныш сыйлайды.

Білетіндердің айтуынша, маусым кезінде Семей, Өскемен, Алматы қалаларынан аудан орталығына баратын ұшаққа билет алу тіпті мүмкін емес екен. Өйткені, билеттердің көбін туроператорлар сатып алатын көрінеді. Содан кейін оны «ыстық» турлармен бірге ұсынады. Алакөлдің екінші жағында да осы мәселе. Шипалы көлге пойызбен барғысы келетін демалушылардың қолына да билеттер оңайлықпен түсе қоймайды екен.

Бұған қарап, сапалы жол салып, туристерді көлге апару мәселесін бірден шешпесе, бұл мәселенің ондаған жылдарға жалғаса беретінін ойлау да қорқынышты. Десе де аудан бюджетінде бұл мәселелерді шешуге қаржы, әрине, тапшы. Мұндағылар облыстық, республикалық бюджеттен бөлінетін инвестицияларды күтеді. Облыстық туристік орталықтағылар жұмыстың жыл сайын кезең кезеңімен атқарылып жатқанын, мәселені бірден шешіп тастауға қаржының қолбайлау болып отырғанын айтады. Ал Шығыс Қазақстан облысы тұрғындары кезең кезеңімен емес, дәл биыл демалғысы келеді.

«Бәрі енгізілген», бірақ неге енгізілмеген?

«Алакөлдің суы ғана ұнады» деген сөзден  қашан құтыламыз? (фоторепортаж)

Десе де мұндағы жол мәселесі жауыр болған тақырып екенін мойындауымыз керек. Ол туралы ерінбегеннің бәрі жазды, бәрі айтты. Биыл Алакөлдің айтар жыры, шертер мұңы басқа. Жыл сайын көл жағалауында демалыс үйлерінің көптеп салынуына байланысты жергілікті электр қуатын тасымалдау желісі сыр беруде. Үржар аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының айтуынша, бүгінгі күні бұл сала инвестицияға қатты зәру. Тек қаржыландыру ғана электр желісіндегі жүктемені арттырып, жиі жарықсыз қалатын демалушылар мәселесін шеше алады.

– Біз Алакөлге жеті жыл қатарынан жыл сайын келеміз. Биыл бұрын болмаған жағдайлар орын алуда. Әр күн сайын жарық өшіп қалады. Жағажайда бұл туралы басқа туристермен де сөйлесіп көрдім. Олар да демалыс үйлерінде жарықтың өшіп қалатынын айтады. Әрине, бұл өте ыңғайсыз жағдай. Әсіресе, сен душқа түсіп жатқанда, жарықтың өшіп қалуы жақсы емес. Біз өркениетті әлемде өмір сүріп жатырмыз ғой. Мен Алакөлде ұялы байланыс, ғаламтор мәселесі барын білемін. Десе де жарық мәселесін біржақты қылу керек, – дейді демалушы Елена Кочнева.
Мысалы, Жерорта теңізі жағалауында мұндай жағдайдың болуын көзге елестетудің өзі мүмкін емес. Егер онда жарық өшіп қалатын болса, ол жүйедегі келеңсіздік болар еді.

Жағаны қоқыстан тазартуға 30 адамның шамасы жете ме?

«Алакөлдің суы ғана ұнады» деген сөзден  қашан құтыламыз? (фоторепортаж)

Жақында өткен бір отырыста аймақ басшысы Даниал АХМЕТОВ Алакөлдің жағасындағы жағдайға назар аударды. Әрине, жергілікті атқарушы билік пен кәсіпкерлерді туристерді тартқаны үшін мақтау, дәріптеу мақсатында емес, керісінше облыс әкімінің мұндағы демалушылардың өміріндегі кейбір жағдайларға көңілі толмады.

«Алакөлдің суы ғана ұнады» деген сөзден  қашан құтыламыз? (фоторепортаж)

– Жағалауда орналасқан 136 нысанның тек төртеуінде ғана қажетті инфрақұрылым бар, – деді облыс әкімі Даниал АХМЕТОВ. – Өрт қауіпсіздігі, қоғамдық тамақтану орындарындағы антисанитарлық жағдай және т.б. көптеген кемшіліктер анықталуда. Мұнымен қоса қалған демалыс үйлерінің қожайындарының қолында мемлекеттік комиссия қол қойған актілер бар. Мен жауапты мекеме басшыларына жағдайды анықтауды тапсырамын.

«Алакөлдің суы ғана ұнады» деген сөзден  қашан құтыламыз? (фоторепортаж)

Алакөлдің жағалауына табаныңыз тиген соң-ақ облыс басшысының наразылығының орынды екеніне көзіңіз жете түседі. Өзіңіз ақыл таразысына салып көріңізші: көрсе көзіңіз сүйсінетін көл жағасы ыбырсып жатыр. Мұндағылар құрылыс салудың немесе сәулеттік жоспарлаудың жүйесі туралы естімеген болып шығады. Демалыс базалары біріне-бірі сұғынып тұр. Тіпті кейбіреулері бірінен-бірі қоршаумен болсын бөлінбеген.

«Алакөлдің суы ғана ұнады» деген сөзден  қашан құтыламыз? (фоторепортаж)

Ал тағы бірінің белгісі де жоқ. Айналасы толған купальник, шляпа сататын базарлар мен «Манты мен самса жеп, бақыттың дәмін тат» деген сынды мағынада лозунгілер ілінген кафелерге толы. Бөренеден салынған демалыс үйлерінде өрт сөндіретін құрылғылар да жоқ, ал жағажайда қарбыздың қабықтары мен тамақтың қоқыстары шашылып жатыр. Бұл туралы кейінірек.

«Алакөлдің суы ғана ұнады» деген сөзден  қашан құтыламыз? (фоторепортаж)

Осынау жаппай орын алған жүйесіздік жағдайында бес жұлдыздық мінсіздікке ұмтылған отельдер де жоқ емес. Олар әдемі қоршаулармен қоршалған. Көгалдар мен гүлзарлар да бар, мүмкін қабырғаларында апатты жағдай орын алғандағы эвакуация жоспары мен өрт сөндіргіш құралдар да ілінген болар. Бірақ мұндай үйлерде демалу құны тәулігіне 20 мың теңгеден 40 мың теңгеге дейін барады. Оны хаостың арасындағы ақсүйектік демалыс деуге де болады. Басқаша атау мүмкін де емес. Ондағы онкүндік демалыс екі адамға 800 мың теңгеге түсуі ықтимал. Осынша ақша төлесеңіз, сізді жағажайға арнайы автобус апарып, алып келеді. Тіпті көңіліңізді көтеріп, күлкіге көметін аниматорлар да бар.

«Алакөлдің суы ғана ұнады» деген сөзден  қашан құтыламыз? (фоторепортаж)

– Қызмет көрсету саласы бір орнында тұр деп айтуға келмейді. Біз Сочиде де, Геленджикте де болдық. Бірақ бізге мұндағы көлдің өзі керемет ұнайды. Шынында да, көлдің суының керемет емдік қасиеті бар. Иә, күндіз жағажайда көп қоқыс болады, бірақ біз таңертеңгі мезгілде суға шомылғанды ұнатамыз. Өйткені, таңертең ол жер таза болады, – дейді Сургуттан келген демалушылардың бірі.

Шынында да, үшінші жыл бұл жерде «Алакөл Тазалық» мекемесі жұмыс істейді. Мекеме жұмысшылары таңғы бестен бастап жағажайдағы қоқысты жинаумен айналысады. Бүгінгі күні компанияда 30 адам еңбек етеді. Бірақ бүкіл Алакөл маңын қоқыстан тазартып шығу үшін осынша адам жеткіліксіз екені сөзсіз.

Жайлы жағажай қажет

«Алакөлдің суы ғана ұнады» деген сөзден  қашан құтыламыз? (фоторепортаж)

Қоқыстан басқа Алакөлде тағы бір мәселе бар. Ол – жағажайдың жоқтығы. Алакөлдің толқындары жыл сайын жағажайды шайып кетуде.

– Мұнда толқынға қарсы орнатылған бір ғана қорған аздық етеді. Жоба бойынша оның саны сегіз болуы керек, бірақ оларды орнату үшін қосымша қаржы керек, – дейді Дидар Хамитов.

«Алакөлдің суы ғана ұнады» деген сөзден  қашан құтыламыз? (фоторепортаж)

Қаржы барлығына, бар дүниеге керек. Бірақ кәсіпкерлер территорияға құм әкеліп шашуға, оны шезлонгтармен және шатырлармен жабдықтауға әзірге асығар емес. Әрине, мұның барлығы қаржыны қажет етеді. Оның үстіне Алакөлдегі шомылу маусымы қысқа, яғни табыс та оңайлықпен келмейді.

– Біз бірнеше жыл қатарынан Алакөлге келдік. Бірақ алдыңғы жылы бағытымызды өзгертіп, соңғы екі жыл қатарынан Грузияға бардық. Бағасы жағынан Алакөлден айырмашылығы жоқ, ал қызмет көрсету сапасының деңгейі мұндағыдан анағұрлым жоғары. Демалушылардан ақша талап етпес бұрын, оларға қандай да бір стандартқа сай қызмет көрсете білу керек. Ал ол деңгейге жету үшін бізге әлі біраз уақыт қажет секілді, – дейді турист Евгений Светов.
Үржар ауданы билігі алдағы жылы облыс бюджетінен Алакөл жағалауын тәртіпке келтіруге қаржы бөлінетініне үмітті. Ол үшін оларға Алакөлге кімдердің келетінін анықтап алу қажет. Олай болмаған жағдайда «Өзге демалыс базалары мен пансионаттардағы, шипажайлардағы демалушылар кетер алдында перронда алған әсерлерімен бөлісті. Әртүрлі кемшін тұстары айтылды. Бірақ көл суының ғажап екенін барлығы мойындады» деп, «Фейсбук» әлеуметтік желісі қолданушыларының бірі айтқандай әңгіме ұзақ жалғаса беретін болады. Жақын болашақта Алакөлдің «суы ғана ұнады» деген әңгіменің аясынан шығып, өркениетке сай туризм аумағы болғанын әркім де қалайтыны сөзсіз.

Мейрамтай Иманғали

Суреттерді түсірген – Сергей Суров

Осы айдарда

Back to top button