Біле жүріңіз

Әйгілі қалалардағы бағаны салыстырып көре аласыз

Сурет: videouroki.net

Еxpatistan сайтының көмегімен әлемнің әйгілі қалаларында өмір сүру құнын талдауға болады. Егер бір жерге көшуді армандайтын болсаңыз, бірақ екі сүйікті қалаңыздың бірін таңдай алмасаңыз, осы сайт шешімге келуіңізге көмектеседі.

Салыстыру үшін екі қаланың атын енгізіп, GO түймесін басу керек. Тамақ, баспана, киім, көлік, медициналық көмек және ойын-сауық параметрлерінің орташа құны туралы мағлұмат алдыңызға шығады. Толық ақпарат көремін десеңіз, өзіңізді қызықтыратын санаттың сол жағындағы «плюс» түймесін басасыз.

Шын мәнінде, бұл – ірі қалалардың бағасы жазылған үлкен база. Туристер үшін де қызықты болатыны сөзсіз. Демалысқа барар алдында шығатын шығынды шамалап есептеп қоясыз.

Өкінішке қарай, сайтта әзірге тек ірі қалалар арасында талдау жүргізуге болады. Шағын қалалар таңдалғанымен, онда ақпарат жоқтың қасы. Дегенмен, сіз оны жақсарта аласыз: өзіңіз тұратын қаланың бағаларын енгізіп қоюыңызға болады. Деректер базасына неғұрлым көп адам баға енгізген сайын салыстыру нәтижелері дәлірек бола түседі.

Тасқын Болатұлы

Осы айдарда

Back to top button