Әнші Қарақат Әбілдинаның гүл өсірумен айналысатынын білесіз бе?
Әнші Қарақат Әбілдина үй гүлдерін өсірумен айналысады
Белгілі әнші Қарақат Әбілдинаның өнерден бөлек қызығушылықтары жетерлік. Солардың ішіндегі ең негізгісі – гүл өсіру. Иә, бірі білсе, бірі білмес. Алайда, гүл өсірумен айналысуды әншінің жаны сүйеді.
Әнші бір сұхбатында «гүл өсіру қасиеті анамнан дарыған» деген. Сол сөзіне сүйенетін болсақ, бұл отбасылық үрдіс болып қалыптасқан. Бұл сөзіме әншінің 2018 жылы «Таңшолпан» бағдарламасына берген сұхбатындағы мына сөзі дәлел болмақ:
– Ауылда өстік қой. Үлкен шелектерге анам өз қолымен отырғызатын. Сол гүлдері терезенің биік деңгейіне дейін өсіп, жайқалып тұратын. Соған су құйып, соны ерекше жақсы көрдік. Бала кезімізден солай қалыптастық, өстік. Сол гүлге деген құштарлық, махаббатымызды оятқан анамыз.
Әншінің үйінде қысы-жазы гүл жайқалып тұрады. Қонақ бөлмесінің екі қабырғасында 100-ге жуық құмыра гүлдері өсірілген. 15 түрлі гүл орналасқан.
Гүлдер ауаны алмастырып, ылғандандырып тұру не болмаса негативті өзіне тарту қасиетіне ие. Әншіні қызықтыратыны да осы қасиеті. Яғни, ауаны тазартып, барлық жаман аураны өзіне қабылдап алатын жанды құбылыс.
Әнші барлық қыз-келіншектерге гүлдерді өсіру жайында жиі кеңес беріп тұрады.
– Топыраққа отырғызылған жанды гүлдер ол сізге жылдар сайын көңіл күйіңізге көңіл күй сыйлайды. Жылдар сайын сіздің үйіңізге көрік беріп тұрады. Сондықтан да гүлді жақсы көрейік. Гүл деген ол біздің жан дүниемізбен үндесіп жатыр, – деп атап өтті әнші.
Балауса Оразалықызы