Саясат

Адвокаттарға ақы төлеу жайы қаралды

Облыстық әділет департаментінде Асхат Оразханның төрағалық етуімен «Адвокаттардың республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсететін заңгерлік қызметіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етумен байла-нысты шығындарын өндіру» атты тақырыпта дөңгелек үстел отырысы өтті.

Адвокаттарға ақы төлеу жайы қаралдыЖиынның күн тәртібінде адвокаттардың көрсететін заңгерлік қызметіне ақы төлеу, қорғау мен өкілдік етумен байланысты шығындарын өндіру бойынша туындайтын мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар басқосуда әділет департаменті соттармен, адвокаттар алқасымен бірлесе көрсетілген заңгер-лік қызметке ақы төлеу, қорғау мен өкілдік ету, адвокаттарға біркелкі ақы төлеу ережелеріне сәйкес бірыңғай арыз үлгі құрастыру жұмыстарын жүр-гізу керектігі айтылды. Заң қызметін көрсетуде бір іс бойынша екі рет шы-ғындарды өндіру фактілерін болдырмау мақсатында адвокаттар алқасына біркелкі бағдарлама құрастыру туралы ұсыныс жасалды.

Облыстық әділет департаментінің баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button