Басты

Абай мен Алаш

Жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарық к„ргенінен жұртшылық жаппай хабардар деп ойлаймын. Прези дент мақаласында Абай әлемін бүгінгі күнмен, мемлекет құрылысымен, ел дамуымен байланыстыра отырып кеңінен талдау жасады. Бұл баршамызға Абай мұрасына жаңаша қарау керектігін аңғартты. Қасым-Жомарт Кемелұлы алғаш айналымға түсіп отырған «парасатты патриотизм» ұғымының басты шартын да осы мақаласында к„рсетті. Оны «Біз енді ұлтты Абайша сүюді үйренуіміз керек. Ұлы ақын ұлтын қатты сынаса да, тек бір ғана ойды – қазағын, халқын төрге жетелеуді мақсат тұтты» деген тұжырымнан анық байқаймыз..

Абай мұралары екі ғасыр ға таяу уақытта көп зерттелді. Абай танудың бастауы ХХ ғасыр басын дағы қазақ тарихының оқшау құбылысы Алаш қозға лысы тұсынан басталады. Дегенмен, Абай мұраларына саяси философия тұрғысынан қарау – оның жаңаша қырларын аша түспек. Президенттің «Ол əділет ті қоғам құру идеясын көтерген. Демек, Абайдың көзқарастары ХХІ ғасырдағы Қазақстан қоға мы, оның береке-бірлігі үшін аса құнды. Хакім Абай ұста ным дары өр кениетті мемлекет қағи даларына үндеседі» дейті ні сондықтан. Осы арада Пр е зи денттің сайлауалды бағдар ла ма сының негізгі тұғыры да «Əділдік» екенін еске салу артық болмас еді. Абай Құнанбайұлы қазақтың ой ағынының тарихи бұрылысын жасады. Ол қазақ əдебиетін ғана емес, өзінен кейінгі тұтастай ойлау жүйесін жаңа арнаға бұр ған данышпан. Ендеше, Абай дың ізін баса алаштың тууы заңдылық еді. Олар Абай аңсаған «əділетті қоғам» ғана емес, Абай жүйе леген күллі адамдық, кісілік құн ды лықтарды тұтас елдік мі нез ге айналдыруды мұрат тұтты. Əлихан Бөкейханның, Ахмет Байтұрсынұлының, Мір жа қып Дулатұлының Абай туралы тол ғам дарынан осы аңсар көрінеді. Абай айналасына үлгі шашып, сəуле түсіріп отырған. Заманында Абайдың айналасында жүріп, өнегесін көрген белгілі ақын дар көп. Бұл турасында Қайым Мұхаммедханов ақсақал арнайы зерттеу де жасаған. «Абайдан соңғы ақындар» кемеңгердің ыңғайымен бағдар алып, бағыт тауып отырғаны белгілі. Сондай ақынның бірі – Көкбай. Ол хəкім туралы естелігінде өзіне Абайдың арнайы тапсырма беріп, Кенесары-Наурызбай тарихынан дастан жазуды жүктегенін айтады. Тіпті Көкбай өзінің Наурызбайдың Ағыбайдан сыйға алған атақты «Ағауыз» аты туралы шумақтарын Абай жақтырмай, «Мынауың Наурызбай мінетін ат емес» деп сынап, ертесі «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» атты өлеңін жазып, оны да ұнатпай, «Бұл да мес болып кетті» деп өкінгенін де жазады. Бұл жерде мəселе ат туралы емес, бүгін де жұрт тамсанып, ат сынының үлгісіне айналдыр ған «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» Наурызбай мінген «Ағауыздың» шеніне келмесе, Наурызбай мінген ат қан дай болғаны? Ал ол атты мінген Наурызбай ше? Оның ағасы хан Кене мінген «Көкбурыл» қандай? Меніңше, Абай сөзінде, сол ерлерге деген шексіз құрмет пен сүйініш жатса керек. Ол рух ты баһадүрлерге деген құр метін осылай аңғартқандай əсер қалдырады. «Жапырағы қураған ескі үмітпен» елдің еңсе сін көтеретін намысты аңсайтын көңі лінің зарығын солай білдірсе керек. Абай Құнанбайұлы да өз зама нының перзенті. Тұтастай алғанда Азиялық, берісін айт сақ, түркі-қазақтық ойлау жү йесі жеке тұлғалардың жетек шілігіне көбірек сенеді. Біз дің фольклорымыздың қаһар ман дары да осыны аңғартады. Аңдап қарасақ, жырларымыздың бəрінде жалғыз атты ерлер ел ді теңдікке жеткізіп жатады. Эпостың ортасында туған, батырлар жырының сарынымен өскен Абайдың да осындай рухпен тəрбиеленгені даусыз. Абылай хан дəуірінің асқақ дауысы əлі құлағынан кете қоймаған заман үшін Кенесарының қайғылы уақиғасы сондай тосын əрі жан тебірентерлік еді. Отарлықтың да қос өкпеден қысқан шеңгелі енді батып келе жатқан уақыттың тумасы осы үш үлкен ағынның құйғанында, дəуір сапарының бұрылысында, тарихи кезеңнің өларасында есейді. Тақсыз хан, тақталы би Құнанбайдың ауылы қандай данышпан ойлар мен даңсалы аңсарлардың тоғысатын жері болғаны онсыз да түсінікті болса керек. Бірақ Абай толыса келе: «Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік, Ер табылса жарайды қылса сұхбат…» – дейді. Абайдың ері кім? Жақсысы қандай? Осы сұрақтардың жауабы бізге Абай тұл ғасын ғана емес, кешегі заман суретін, бү гінгі күннің келбетін, болашақтың сұлба сын көруге септесерлік анық бағдар болар еді. «Туғызған ата-ана жоқ, Туғызарлық бала жоқ. Туысқан, туған, құрбылас, Қызығымен жəне жоқ…», – деп жəне налиды. Тағы да сұрақ. Абай аңсаған «Туғыз арлық бала» кім? Ол қандай азамат болмақ? Хакімнің сөздерін сараласақ, бұл сұрақ тардың жауабы алдымыздан шығады. Абайдың шығармаларын зерделеп оқысақ «Əділдік, арлылық, махаббат» ұғымы сайрап тұр. «Мазлұмға жаның ашып, ішің күйсін, Харакет қыл, пайдасы көпке тисін. Ежелден көптің қамын тəңірі ойлаған, Мен сүйгенді сүйді деп иең сүйсін». «Пайдасы көпке тиетін» харекет ғылым мен білім. Абай дың тұтас мұрасында тең дікке жетудің, елді қатарға қосудың жалғыз жолы – білімді ерлер екені өзекке айнал ған. Президент мақаласында да «Абай қазақ тың дамылсыз оқып, үйренгенін жан-тəнімен қалады. «Ғылым таппай мақтанба» деп, білімді игермейінше, биіктің бағына қоймайтынын айтты. Ол «біз ғылымды сатып мал іздемек емеспіз», – деп тұжырымдап, керісінше, ел дəулетті болу үшін ғылымды игеру керектігіне назар аударады», – деген пайым бар. Абай осы жолда өзі де, Құнан бай əулеті ұрпақтарын да жетелейді. Інісі Халиолланы өз қаражатымен оқытты. Тіпті қыз дарына дейін Семейге əкеліп заманның оқуына кіргізді. Десе де, ең үміт күткен баласы Əбіш еді. Бірақ ғұмыры қысқа болғаны баршаңызға белгілі. Бұл қаза Абайға өте ауыр соқты. «Кеше гі өткен ер Əбіш» деп күңірен ді. Осы күңіреніс тұсында біз жоға рыда айтқан «Абай дың ЕРІ кім?» деген сұраққа жауап шығады. Абайдың ері – за ма ны ның ғылымы мен білімін иге ріп, білімнің шыңына шыққан Əбіш сияқты азаматтар. Əбіш сияқты азаматта Кенесарының рухын, Абайдың білімін тұтастай тұла бойына жинақтаған жаңа заманның өр ұландары болатын. Ендігі заман білектің емес, білімнің заманы екенін қапысыз ұққан, қайраусыз жанылған тұтас буын келе жатыр еді. Сол үлкен қазаның үстінде хакім: «Жаңа жылдың басшысы ол, Мен ескінің арты едім. Қайғы деген ащы сол, Сүйекке тиді қарт едім», – деп толғанады. Иə, Жаңа жылдың басшысы Əбіштер еді. Бірақ жалғыз Əбіш қана ма? Данышпан Абайдың өзі айтқан «Кім жаман болса замандасы кінəлі». Енді мұның келесі жағы бар. Егер жақсы болса… Əбіштің замандастары Əли хандар мен Ахметтер еді. Қара ормандай қаулап келе жатқан Алаш қозғалысының боздақтары болатын. Олар қазақтың «Қайта өрлеу» дəуірін туғызуға келе жат қан тұтас буын. «Жаңа жыл дың жаршысы» болған олар қазақ тың алғашқы газетін шыға рып, тұтас терминологиясын қалып тастырды. Қазақ ғылымы тұтастай сол Алаш қоз ғалысы тұсында қалыпқа түсті. Қазақтың əдебиет теориясы, лингвистикасы, тұтастай жаратылыстық ғы лымы, шығыстану, тұтас ака де миялық ғылымының сала сын да Алаш арыстары тұр. Қазақ тың алғашқы партиясын құ рып, Еуропалық үлгідегі жаңа мем лекеттің іргесін қалаған да солар. Данышпан Абай осыны сезген. Хакім оны ғана емес, олардың қай ғылы тағдырын да сезген сияқты. «Көк тұман келеді айдап көп суретті», – дейді. Əулиелік дерсіз… Алаш азаматтары да енді тек ғылым мен білім ғана жеңетін заман келгенін қапысыз ұқты. Ғы лымға шөліркей ұмтылды. Біз дің де заманымыз солай. Ғылым мен білімнің заманы. Ал ғылым мен білім маңдай тер лемей келмек емес. ХХІ ға сыр дағы Қазақстанға хакім Абай ХІХ ғасырдан осындай өсиет айтады. Ол өсиет ескір мейді. Алаш азаматтары сияқ т ы өсиетке адал болу біз дің де мін детіміз. Президент «Əлем дік мəдениетте Абайды қан шалықты жо ғары деңгейде таныта алсақ, ұлты мыздың да ме рейін сонша лықты асқақтата түсеміз», – деді мақаласында. Бұл да біздің мем лекеттік сая саты мыздың басым бағыты екені даусыз. Ендігі міндет – Алаш ты əлемге Абай ар қылы таныту, жаңа ғасырдағы Қазақ станның, жас ұрпақтың кескін-келбетін, бағыт-бағдарын Абай мұрасы мен өнегесінің негізінде қалыптастыру. Бұл жолда тұтас қоғам бірігіп, бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай жұмылып жұмыс істеуі керек деген ойдамыз. Өйткені біз осы арқылы өз болашағымыздың, ел келешегінің керегесін кеңейтіп, шаңырағын тіктей түсеміз.

Берік Уәли,

Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы

Осы айдарда

Back to top button