Басты

Жас мұғалімдердің сұрағы көп

Өскемендегі Назарбаев зияткерлік мектебінде  өңіріміздің жас мұғалімдері «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шамшидиновамен кездесіп,  жаңартылған білім  беру мазмұнындағы  кейбір мәселелер, оның ішінде бағалау жүйесі туралы жан-жақты әңгімелеп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Аустсорсинг кадров в Казахстане на сайте https://outsourcing-kadrov.kz/

Еліміздің білім беру жүйесі 2016-2017 оқу жылынан бастап жаңартылған білім мазмұнына көшкені белгілі. Әрине, жаңартылған білім жүйесінің мұғалімдер үшін жаңалығы көп болды. Соның бірі – оқу мақсатына жету үшін критериалды бағалау жүйесін енгізу болғаны анық. Осынау кездесуде педагогтар бағалау процесі туралы өздерінің тәжірибесімен бөлісіп, пікір алмасты.

Меновное орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Шынар Мұқанова жоғары оқу орнын бітіріп, Күршім ауданындағы №1 Гагарин атындағы мектепке жұмысқа орналасқанында бұл мәселемен бетпе-бет келгенін айтады.

Жоғары оқу орнында дәстүрлі форматпен оқыған адам болғандықтан, мен үшін критериалды бағалау деген қиынға түсті. Теориялық білімім бар болғанымен, әдістемелік білімім жоқ екенін түсіндім, – дейді ол. Тек 2018 жылы жаңартылған білім беру мазмұны аясында біліктілікті арттыру курсынан өткеннен кейін ғана Шынар бағалаудың мәнін терең түсініпті.

Бағалау оқушының оқу материалын қаншалықты игергенін, қалыптасқан білімнің деңгейі мен тереңдігін анықтауға мүмкіндік береді. Әділ баға оқушының дамып, алға ұмтылуына, күшті және әлсіз тұстарын анықтауға ықпал етеді.

Аталған кездесу «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шамшидинованың республикадағы жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдерімен кездесулер топтамасының аясында өтті. Жас мұғалімдермен мұндай кездесу алдымен Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылыпты. Ол кездесуде елордалық жас мамандар топтық жұмыс пен абстракциялық ойлау мәселесін  негізгі тақырып өзегі етіп алыпты.

–Қазіргі мектептерде заман талабына сай не өзгеріп жатыр? Тек цифрлық дәуір, технологиялардың дамуының өзі білім жүйесінде көп нәрсенің өзгеруіне ықпал етуде. Әсіресе жаңартылған білім бағдарламасына  қатысты жас мұғалімдердің сауалдары бар екенін біз жақсы білеміз. Осы орайда шығысқазақстандық мұғалімдер бізге бағалау жүйесіне байланысты сауалдар қойып отыр. Сондықтан да бүгінгі кездесуде мұғалімдер өзінің сабағында қандай қиыншылықтармен кездеседі, оны шешу үшін не істеу керек екенін талқылап, мәселені ортаға салды. Бұл жердегі  біздің  негізгі мақсатымыз –  жас мұғалімдерге көмек көрсету, жас мамандарды біріктіру. Осы арқылы сабақтың сапасын көтеру. Егер сабақ сапалы болатын болса, ары қарай оқушының білім алуы да жоғары болады, – дейді К.Ноғатайқызы.

Айтуынша, мұндай кездесуді алдағы уақытта Қарағанды, Павлодар, және Алматы қалаларында ұйымдастыру жоспарланып отырған көрінеді. Сондай-ақ Нұр-Сұлтанда өткен кездесуде  жас мұғалімдер клубын құру туралы   шешім қабылданыпты. Болашақта білім беру саласында туған мәселелерді  жас мұғалімдер клубында қарастырып, талқылап отыру жоспарда бар.

– Дегенмен біздің бір ұсынарымыз,   бұған  мұғалімдерді күштеп әкелудің қажеті жоқ. Мұғалім өз қажеттілігімен келу керек. Бүгінгі жиналған 15-20 мұғалім біртіндеп болашақта үлкен бір ұйымға айналады, – дейді К.Шамшидинова.

Мейрамтай Иманғали

Осы айдарда

Back to top button