БастыЖаңалықтар

ШҚО-да құрғақ және сұйық лецитин өндіреді

Келер жылы ШҚО-да май тұқымын қайта өңдеу 900 мың тоннаға дейін ұлғайып, өсімдік майын экспорттау көлемі екі есе артады.

 

Бұл туралы ШҚО әкімі Ермек Көшербаевтың бүгін өтіп жатқан Өскемен қаласы тұрғындарымен есептік кездесуінде мәлім болды, деп хабарлайды Didar aқпарат тілшісі.

 

Шығыс Қазақстан – майлы дақылдарды өсіруге маманданған аймақ.  Дақылдың бұл түрін өсіру және өңдеу бойынша өңір республикада көш бастап келеді.

– Елімізде алғаш рет біздің облыс жылына 4 мың тонна сұйық лецитин өндіру үшін күнбағыс тұқымын терең өңдеуді енгізеді. Ал 2025 жылдан бастап құрғақ ұнтақты лецитин шығару жоспарланып отыр. Бұл майды тазартудың тиімділігін айтарлықтай арттырады, – деп атап өтті облыс әкімі.

Өңір басшысы Өскеменде «Алтай» көтерме-тарату орталығының құрылысы аяқталып қалғанын, бұл нысан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өнімін өткізу алаңына айналатынын айтты. Ал тұрғындар сапалы әрі қолжетімді бағадағы өнімдерді делдалсыз сатып алуға мүмкіндік алады. Бұл мәселеде өндіріс пен тұтыну тепе-теңдігін сақтау маңызды.

 

Жалпы, облыста ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті жоспарлы түрде артып келеді.

Осы айдарда

Back to top button